Сонымен қатар, тарауих намазын құбтан намазы оқылғаннан кейін үтір уәжіп намазынан бұрын, не болмаса кейін оқу шариғатқа қайшы емес.[4] Осы себептен имам тарауих намазын оқып тұрған болса, мешітке кешігіп келген адам алдымен құбтанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құбтан намазының сүннәтін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса,соңынан үтірден бұрын оқып алады.[5]
Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы