Таң 04:25 Күн 05:53 Бесін 12:24 Екінті 16:45 Ақшам 18:46 Құптан 20:15

Оразаны жалғастыруды міндеттейтін жағдайлар

141 Абдуссамад Махат

Оразаны жалғастыруды міндеттейтін жағдайлар

Мына жағдайларда ауыз ашқан адам оразасын қайта жалғас-тырады:

 

1. Таң атса да, таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішкен жағдайда. Мысалы, біреу таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішті дейік. Біршама уақыттан кейін таң атып қалғаны анықталады. Бұл жағдайда ауыз бекітіледі. Әрі күмәндануы себебінен  кәффарат міндетті болмағанымен, кейін сол күннің қазасы өтеледі. Егер таң атқаны анықталмаса қазасын өтеу міндеттелмейді.[1]

2. Күн батпаса да: «Күн батты-ау»,-деген оймен ауыз ашқан жағдайда.

Осы екі жағдайда, яғни таң атқаны және күннің батпағаны анықталған сәтте ауыз бекітіледі.[2]

3. Ауыз-мұрынды шайып жатып абайсызда ішке су кетсе.[3]

4. Ауыз ашқанға мәжбүрленсе.[4] Мысалы, біреу зорлықпен су ішкізсе.

5. Оразаны ниеттенуді ұмытып, алайда күні бойы ораза ұстаған жағдайда.[5] Себебі, жоғарыда айтылғандай ниеттену ораза дұрыс болудың шарттарына жатады.[6]

Осы жағдайларға сай бір күннен артық оразаның қазасын өтейтін адам қазасын келесі оразаға дейін бөліп-бөліп өтесе де болады. Алайда, неғұрлым кешіктірмей жағдайына қарай тез арада өтегені абзал.[7]

 

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



 

 

[1]Бұл да сонда.

[2]Бұл да сонда.

[3]Бұл да сонда.

[4]Бұл да сонда.

[5]Бұл да сонда.

[6]«Ораза дұрыс болу шарттары» тақырыбын қараңыз.

[7]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».