Каффаратты қажет ететін 5 жағдай
574
Оразаны не бұзады?
- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
- Темекі шегу, дәрі ішу;
- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту. Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
- Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейінгі аралықта, аузы берік кезінде жақындасу оразаны бұзады);
- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады.
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай қатарынан күн салмай ораза ұстау, оған шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады.
«30 күнге 30 уағыз» дәрістер жинағынан