Таң 02:14 Күн 04:12 Бесін 12:16 Екінті 17:40 Ақшам 20:11 Құптан 22:08

ОРАЗА ТҮРЛЕРІ

868 Ислам ғылымхалы

ОРАЗА ТҮРЛЕРІ
Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып төртке бөлінеді.

 

Парыз ораза

 Парыз ораза екіге бөлінеді:

 Тағайындалған ораза: Рамазан оразасы.

Тағайындалмаған ораза: Қазаға қалған ораза мен «кәффарат» ретінде ұсталған оразалар.

 

Уәжіп ораза

 Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілеп тұтқан ораза – тағайындалған уәжіп ораза. Нақты уақыт белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза.

 

Нәпіл ораза

 

Бұл – сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді.

Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:

 

Күн ара тұту

Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған ораз-асы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай

аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы жоқ», – деп жауап қайтарды314.

 

Әр айда үш күн ораза ұстау

 

Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бой-ынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста»315.

 

Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау

 

Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаят-та «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар316.

 

Шәууәл айында алты күн ораза ұстау

 

Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей317

 

 

 

Муслим, Сиам, 192

Бухари, Әнбия, 377

Әбу Дәәуд, Саум, 60

Ибн Мажә, Сиам, 33

 

Арафа күнінде ораза ұстау

 

Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде ораза ұстауы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Арафа күні ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген318.

 

Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы (ашура) және он бірінші күндері ораза ұстау мұстахап немесе сүннет

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген кезде яһудилердің (еврей) ашура күні ораза ұстағанын көріп, «Бұл қандай ораза?», – деп сұрады. Оған: «Бұл

 

– ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса (а.с.) ораза ұстайтын» – деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонда: «Мен Мұсаға сендерге қарағанда әлдеқайда жақынмын», – деді де, осы күні ораза ұстауды әмір етті319.

 

Харам айларда ораза ұстау

 

Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау

 

– мәндүп.

 

Шағбан айында ораза ұстау

 

Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін ораз-амен өткізетін»320

 

Ахмед ибн Ханбәл, V, 196

Бухари, Саум, 69

 

Мәкрүһ оразалар

 Мәкрүһ оразалар «тахриман» және «тәнзиһан» мәкрүһ болып екіге бөлінеді. Тахриман мәкрүһ ораза. Рамазан айтының бірінші күні мен құрбан айтының төрт күнінде ұсталған оразалар тахриман мәкрүһ. Өйткені, ол күндер – Аллаһтың бізге ұсынған сый-сыяпатты, қуанышты күндері. Бұл күндері ораза ұстаған адам күнәкар болумен қатар оразасы жа-рамды. Мұндай ораза бұзылса, қазасы өтелмейді. Тәнзиһан мәкрүһ. Тек қана ашура күні ораза ұстау, жұма күні ғана ораза ұстау және сенбі күні ғана ораза ұстау, наурыз күндерінде ораза ұстау – тәнзиһан мәкрүһ. Бірақ әдет етіп, ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, ештеңе етпейді. Жұма күні жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Түндер арасында тек қана жұма түнін ғибадатқа бөлмеңдер. Бірақ кімде-кім әдет етіп ұстап жүрген оразасы сол күнге сәйкес келсе, бұдан тыс нәрсе321. Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да мәкрүһ. Бұл – уисал оразасы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетіне жаны ашығаны үшін бұлайша ораза ұстауға тыйым салған. «Сен осылай ораза ұстайсың ғой» деп, сұрағандарға Ол: «Мен сендер секілді емеспін. Мені Раббым ішіп-жегізеді», – дейді322. Күмәнді күні де ораза ұстау – мәкрүһ. Яғни, Шағбан айының отызыншы күнін Рамазан күні ме, әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт болғандықтан күмән пайда болса, бұл күн «күмәнді күн» деп аталады. Бұл күні ораза ұстау – мәкрүһ. Тіпті екі күн бұрын да ораза ұстау – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Рамазанды бір немесе екі күн бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге сейкес келіп қалса) ұстасын323 . Кімде-кім осы күмәнді күнді рамазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы мәкрүһ болумен қатар , кейіннен бұл күннің Рамазан күні екені анықталған жағдайда, бұл ораза – Рамазан оразасы саналады. Әйелдің күйеуінен рұқсат алмай нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ері жанында бола тұрып, рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал болмайды»324. Қажылардың әлсіреп қалулары ықтимал болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары – мәкрүһ. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза ұстауы харам болып, оразасы іске аспайды. Қазасын өтейді. 

 


 

Бухари, Саум,5-14

Бухари, Никах, 84-85