Таң 06:33 Күн 08:11 Бесін 12:18 Екінті 14:29 Ақшам 16:15 Құптан 17:53

Иғтикәфтың түрлері

395 Абдуссамад Махат

Иғтикәфтың түрлері
Ханафи мазһабы бойынша иғтикәфтің үш түрі болады:[1]

1. Уәжіп, яғни нәзір етілген иғтикәф.[2] Иғтикәфтің бұл түрі бір нәрсені нәзір еткен жағдайда міндетті болады. Мәселен: «Пәлен ісім болып кетсе, пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе немесе істі атамай-ақ: «Пәлен күн иғтикәф етуді ниет еттім»,-десе, ниет еткен күн бойы мешітте иғтикәф ету уәжіп болады.[3]

Нәзір мәселесіне қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Хақ Тағалаға бойсұнуды нәзір еткен бойсұнсын. Алла Тағалаға қарсы келуді нәзір еткен қарсы келмесін»,-деген.[4]

2. Сүннәт муәккәдә[5] ътикәфтің.[6] Әдетте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикәф ететін. Айша анамыз (родиял-лаһу ъанһа) айтады:«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жантәсілім болғанға дейін Рамазанның соңғы он күндігінде иғтикәфта болатын. Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеден өткеннен кейін әйелдері де солай ететін болды».[7]

3. Нәфіл (немесе мустахаб) ътикәфтің.[8] Бұл иғтикәфтің белгілі бір уақыты мен мерзімі жоқ. Ниетке қарай орындалады. Тіпті біреу өмір бойы иғтикәф етемін десе, оған да рұқсат.[9]

 


[1]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[3]«Фадаил-аъмәл».

[4]«Әл-Муатта».

[5] сүннәт муәккәдә – бекітілген сүннәт, Пайғамбарымыз с.ғ.с.. әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар. Мысалы таңғы намаздың парызынан бұрын екі рәкәғат сүннәт намазын оқу. Сүннәт муәккәдә амалын орындауға селқостықпен қараған адам жазаға лайық.

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]«Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[9]«Фадаил-аъмәл».