Таң 06:33 Күн 08:11 Бесін 12:18 Екінті 14:29 Ақшам 16:15 Құптан 17:53

Иғтикәфтың шарттары

402 Абдуссамад Махат

Иғтикәфтың шарттары
1. Мұсылман болу.[1]

2. Ақыл-есі дұрыс болу.[2]

3. Ихтиләм, хайз, нифас тәрізді бой дәретсіздіктен таза болу.[3]Бой дәретсіздіктен тазару үшін дәрет алу жеткіліксіз. Міндетті түрде ғұсыл (шомылу) қажет.[4]

4. Сауда-саттық т.с.с. дүние ісімен айналыспау.[5]

5. Тек жақсы сөз айту. Иғтикәфта мүлдем сөйлемеу – мәкрүһ. Осы себептен иғтикәфтағы адам сөйлеу қажет болған жағдайда дін, иман, Ақыретке қатысты сөз айтса дұрыс. Зікір етіп, Құран оқыса тіпті жақсы.[6]Себебі, тілді күнәлі сөзден сақтау – ғибадаттың ұлысына жатады.[7]

6. Дүниеге қатысты бос сөзден сақтану.[8] Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзі бұл мәселеге қатысты:«Алла Тағалаға және Қиямет күнiне иман келтiрген адам қонағын құрметтесiн. Хақ Тағалаға және Қиямет күнiне иман келтiрген адам көршiсiне зиянын тигiзбесiн. Алла Тағалаға және Қиямет күнiне иман келтiрген адам жақсы сөз айтсын немесе үндемесiн»,-демеді ме?![9]

 


[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[5]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[9]«Сунәну Әби Дауд».