Таң 06:33 Күн 08:11 Бесін 12:18 Екінті 14:29 Ақшам 16:15 Құптан 17:53

Иғтикәф дұрыс болудың шарттары

422 Абдуссамад Махат 

Иғтикәф дұрыс болудың шарттары

1. Иғтикәфқа ниеттену.[1]Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләй-һи уә салләм) ниеттің маңыздылығына қатысты: «Расында амалдар ниетке қарай ескерiлiп, әрбiр адамға ниетiне қарай берiледi»,-деген.[2]Иғтикәф ететін адам иғтикәфтың түрін нақты, яғни уәжіп болса: «Уәжіп иғтикәфты өтеуді ниет еттім»,-деп ниеттенуі тиіс.[3]

2. Мешітте болу.[4]Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала: «Мешітте иғтикәфта болған кезде әйелдеріңмен қосылмаңдар»,-деген.[5]

Имам Әбу Ханифаның (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, иғтикәф етілетін мешітте бес уақыт намаз оқылуы – шарт.[6] Имам Мухаммад (рохматул-лаһи ъаләйһи) және Имам Әбу Юсуфтың (рохматул-лаһи ъаләйһи) пікірінше, мешітте бес уақыт намаз оқылмаса да, мешіт шариғат талаптарына сай болғаны жеткілікті.[7]

3. Ауыз бекіту. Бұл шарт уәжіп иғтикәфқа қатысты. Себебі, нәфіл иғтикәфта ораза ұстау шарт емес.[8]

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[2]«Сахихүл-Бухари».

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[4]Бұл да сонда.

[5]«Бақара» сүресі, 187 аят.

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]«Фадаил-аъмәл».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».