Қаз Рус Qaz قاز
Таң 06:36 Күн 07:55 Бесін 13:22 Екінті 16:52 Ақшам 18:38 Құптан 19:58

Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқудың үкімі

23/05/2017 2698 0 Абдуссамад Махат

Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқудың үкімі

Кез келген елді мекеннің тұрғындары тарауих намазын өздеріне қарасты мешітте жамағат болып оқуы – сүннәт кифая.[1] Осы себептен бір мешітке қарасты жамағаттың бірі де тарауих намазын мешітте оқымаған жағдайда жамағаттың барлығы сүннәтқа қайшы әдепсіздік еткен болады.[2]

 

Жалғыз оқыған адам әдепсіздік етпегенімен, жамағаттың сауабынан құр қалады.

Тарауих намазында біреуді ақы төлеп имам етіп сайлап алуға болмайды.

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фатхүл-Қадир», «Әл-Лүбабу фиш-шархил-Китаб». Шариғатта «кифая» деп мұсылмандардың бір бөлігі орындаумен міндеттілігі басқалардың мойынынан түсетін амалды айтады. Мәселен, жаназа намаздың үкімі – парыз кифая. Сүннәт амалдарынан сүннәт кифаяға мысал ретінде аталмыш тарауих намазын айтса болады.

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фатхүл-Қадир».