Қаз Рус Qaz قاز
Таң 05:51 Күн 07:03 Бесін 13:27 Екінті 17:51 Ақшам 19:40 Құптан 20:51

Рамазан жоспары

11/04/2019

Рамазанның әр күнінде жасалатын,  күнделікті  атқарылатын сауап амалдардың кестесі:

Жоспар толық мақсатына жету үшін мынадай кеңестер ұсынылады: 

  • жоспардың әр кезеңінің арасын бөлетін парыз намаздар болсын, өйткені ол намаздарды дұрыс орындауға көмектеседі;
  • егер жоспардан кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде келесі кезеңде орындаңыз;
  • бір күндегі кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз оны қалдырмай, келесі күні міндетті түрде жасап үлгеріңіз;
  • бос уақытта пайдалы істермен айналысыңыз. Бұл жерде бос уақыт деп - бір іс пен басқа бір істің арасында болатын уақыттар айтылады. Мысалы, аялдамада көлік күту, көліктегі уақыт, азан мен қамат арасындағы уақыт, біреуді күтіп жатқандағы т.б. уақыттарды бос өткізбеуге тырысыңыз;
  • бұл жоспарды тек жалғыз өзіңіз емес, басқалармен қосылып орындасаңыз жалықпауға, дұрыс орындауға көмектеседі және олардың сауабындай сізге де сауап жазылады.

Осы кеңестер төмендегі жоспардың жақсы пайдалы түрде орындалуына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Рамазан айының әр күнінде жасалатын жоспар

Бірінші кезең. Сәресі уақыты.

Мұнда біз үш амалды жасаймыз:
1) Екі рәкағат намаз оқу;
2) Сәресі ішу, оны соңғы уақытқа дейін кешіктіру сүннет;
3) Сәресі уақытынан яғни, таң намазының уақты кірмес бұрын 5-10 минут қалдырып, сол кезде күналарыңды еске түсіріп, истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау).

Екінші кезең. Таң намазының уақыты.

Таң намазының уақытында біз мынадай он амалды атқарғанымыз жөн:

  • Азанды тыңдау мен қайталау және азан дұғасын оқу;
  • Таң намазының екі ракағат сүннетін оқу (бұл екі ракағатты Пайғамбарымыз (Оған Алланың Салауаты мен сәлемі болсын) үйде оқып, сосын мешітке шыққан. Ал сіз өзіңіз таңдауыңызбен егер қаласаңыз, үйде немесе мешітте оқуға болады;
  • Мешітке бару және шығып бара жатқан кезіңізде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың Салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен дұғасын оқу [1];
  • Мешітке кірер алдында иғтикәфқа ниет ету, өйткені, иғтикәф аз болсын, көп болсын мешітте қалумен жүзеге асады. Сондықтан қанша мешітте болсаңыз соны иғтикәфқа ниеттеніңіз.
  • Мешітке кірерде оқылатын дұғаны оқу [2];
  • Мешітке кірген соң екі ракағат «Мешітке сәлем» намазын оқу және егер үйде оқымаған болсаңыз таң намазының екі ракағат сүннетін де оқу;
  • Азан мен қамат арасында уақыт болып жатса, өзіңізге және басқа да мұсылмандарға дұға қылу, өйткені азан мен қамат арасындағы дұға қабыл болады немесе Құран оқу, зікір айту т.б.
  • Қамат айтылғанда жүрегіңізді Аллаға арнаңыз, ниетіңізді жаңартыңыз және таң намазына періштелер куәлік ететінін есіңізге түсіріңіз. Намазды ықыласпен оқыңыз және шамаңыз келгенше оқылатын аяттарды түсінуге тырысыңыз.
  • Парыздан кейін тұрып кетпеңіз, отырып намаздан кейін оқылатын зікірлерді оқып дұға қылыңыз, өйткені мұның сауабы өте үлкен [4].
  • Егер имам намаздан кейін дәріс өткізсе, сабыр етіп оған қатысыңыз, өйткені, ол қысқа болса да, періштелер қатысатын ғылыми мәжіліске жатады.
Үшінші кезең. Таң намазынан күн шыққанға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта мына амалдар жасалғаны абзал болады:

  1. Таңертеңгі дұғаларды оқу [5].
  2. Әртүрлі дұғалар жасау;
  3. Құран оқу, тыңдау;
  4. Білім алу, сабақ қайталау т.б.;
  5. Дұха намазын оқу (2 ракағаттан 8 ракағатқа дейін оқуға болады).
Төртінші кезең. Күн шыққаннан кейінгі кезең (жұмыс (сабақ) уақыты).

Бұл кезең дұха намазын оқығаннан кейін басталады. Әркімнің жұмыс, сабақ уақытына байланысты. Егер жұмысыңыз кеш басталса, бір сәт ұйықтап демалуға болады. Егер уақыт болмаса онда Аллаға тәуекел етіп жұмысыңызға барыңыз.

Жұмыста (оқуда) болған кезіңізде мына амалдарды істегеніңіз жөн:

  • жұмысыңызға (оқуға) уақытында барып, уақытында қайту. Оразаны жалқаулыққа сылтау қылмау керек. Өйткені Рамазан күрес /жихад/, құлшылық ету, амал ету айы, жалқаулықты үйрететін ай емес;
  • жұмысыңызды (оқуды) дұрыс, толық атқару. Өйткені Алла адал істі жақсы көреді;
  • жұмыс кезінде (оқуда) ешкімге зиян тигізбеңіз, ренжітпеңіз, сіз ораза ұстап жүргеніңізді ұмытпаңыз. Жұмысты (оқуды) ғибадат жасауыңызға кедергі деп ойламаңыз, керісінше ниетіңізді жаңартып, адал еңбек ету – құлшылық, тіпті Алла жолында күрес болып есептеледі;
  • парыз намаздарды жіберіп алудан сақ болыңыз, шама келсе, мешітте болмаса өз уақытында оқуға тырысыңыз, әрине мешіт абзал.
Ескерту: Осы кезде әйелдер мыналарды істегені жөн:

• Ауызашар тамағын осы уақытта дайындап қойған дұрыс, өйткені кешке ауызашар алдында басқа тамақ жасаудан абзалырақ істерді істеген жөн (ол істерге төменде кеңірек тоқталамыз).
• Тамақ жасап жатқанда, сол тамақпен ауызаштыруды ниет ету, егер ол тамақты өз балалары, күйеуі, қонақтар жесе де, сол тамақты қанша адам жесе соншама адамға ауызаштырудың сауабын алады.
• Тамақты мүмкіндік болғанынша жасау, яғни, түрлі-түсті тамақ жасап, ысырап жасау қажет емес, өйткені Рамазан тамақ ішу айы емес, тамақты шама келгенше үнемдеп, садақа берген абзал.
• Кедей-міскіндерге тамақ жасап беруге тырысу.
• Тамақ жасап жатқан уақытта Құран тыңдау немесе зікір, истиғфар айту сияқты амалдарды жасап уақытты пайдалы өткізу.

Бесінші кезең. Бесін мен екінті арасындағы (жұмыстан кейінгі) уақыт.

Бұл уақытта ұйықтап дем алуға тырысу керек. Өйткені, түнде тарауих оқуға және басқада маңызды істерді атқаруға күш жинау қажет және бұл Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті: «Қайлула жасаңдар (яғни, түсте бір сәт мызғып алу) шынында шайтандар бұл кезде ұйықтамайды» деген.

Ескерту: Әрине кейбір адамдардың жұмысы екінті намазынан кейін немесе ақшам кезінде бір–ақ бітеді. Сондықтанда басында айтқанымыздай бұл жоспар тек үлгі ретінде ұсынылады. Әркім өз уақытына лайықтап жасап алуына болады. Маңыздысы – жоспардағы айтылған іс-амалдарды қамту.

Алтыншы кезең.Екінтіден ақшамға дейінгі уақыт.

Бұл уақытты отбасымызға арнаған жөн. Жоғарыда әйелдер тамақты ерте жасау керек деген болатынбыз. Өйткені, әйелдердің екінті намазынан кейін тамақ пен айналысқаннан гөрі, отбасымен бірігіп мына істерді істегені абзал:

  • отбасының барлық мүшелері жинала отырып, Құран оқу және шариғатымызды үйрену, дұға жасау және бұл іске балаларымызды да араластыру;
  • қиссалар, риуаяттар, хадистер айту, сондай-ақ балаларға кішігірім жарыстар ұйымдастыру;
  • осы уақытты өз отбасымызға арнау керек және отбасында имани орта қалыптастыру қажет. Әрине мұндай отырыстардың балаларды тәрбиелеуде оң әсері мол. Сондай-ақ ерлі-зайыптар арасындағы байланысты күшейтіп, олардың араларында болған кейбір қайшылықтарды жоюға да әсері шексіз.
Жетінші кезең.Ақшамнан құптанға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта ауыз ашылады, қуаныш уақыты. Пайғамбарымыздың Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған:

«Ораза ұстаушының екі қуанышы болады. Біреуі ауыз ашқанда біреуі Қиямет күні Раббысына кездескенде..».

Бұл кезде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан ауызашар дұғасын [6] айтып, ауыз ашамыз.
Кейбір адамдар тамаққа қызығып, ақшам намазына мешітке баруды ұмытады. Әрине бұл сүннетке сай емес. Сондықтан да, ер адамдар ауызды мешітте ашып намазды оқып келіп, кейін тамаққа отырғаны абзал болады.

Сегізінші кезең. Құптан мен тарауих намаздарының уақыты.

Бұл уақытта мына амалдарға мән берген дұрыс:

  • үйіңізге жақын мешітті таңдау, өйткені, онда танитын адамдарыңыз болады, олармен байланысыңызды күшейтуге, қал-жағдай сұрасуға, бауырмашылықты арттыруға үлкен мүмкіндік болады. Әрине Хатым түсіретін мешіт болса, нұр үстіне нұр болады;
  • мешітке жалғыз бармай, таныстарыңызды, туыстарыңызды шақырыңыз;
  • намазды хушуғпен (ықыласпен) оқып, аяттардың мағыналарына ой жүгіртіңіз.
Тоғызыншы кезең.Тарауихтен кейін ұйқыға дейінгі уақыт.

Бұл уақытта мына амалдарға назар аударған жөн:

  • мүмкін болғанынша ерте ұйықтауға тырысу;
  • тамақтану, шай ішу, бірақ ысырап етпеу;
  • студент болса сабақтарын қайталау;
  • Құран оқуын толықтыру, егер қалып қойған зікір немесе кез келген жоспардағы амал бар болса оны толықтыру;
  • үйдің қажеттіліктерін өтеу т.б. пайдалы істерді істеу.
Оныншы кезең. Ұйқы уақыты.

Бұл кезеңге мән беру өте маңызды, өйткені жоғарыдағы амалдарды жақсы орындау үшін адамға күш қуат қажет. Егер ниетті жөндесек ұйқымызды да құлшылыққа айналдыруға болады. Ол үшін:

  • Ұйықтау мен құлшылық жасауға күш жинауды ниет ету;
  • Ұйықтаудың әдептерін ұстану (дәретпен ұйықтау, оң жаққа қарап жату, ұйықтар алдында айтылатын дұғаларды оқу [7].

 

[1] МЕШІТКЕ БАРА ЖАТҚАНДА АЙТАТЫН ДҰҒА.

«Аллаһуммә-ж’әл фи қалби нуран, уә фи лисәни нуран, уә фи сәм’и нуран, уә фи бәсари нуран, уә мин фәуқи нуран, уә мин тәхти нуран, уә ‘ан ямини нуран, уә ‘ан шимәли нуран, уә мин әмәми нуран, уә мин халфи нуран, уәж’әл фи нәфси нуран, уә а’зыйм ли нуран, уә ‘аззыйм ли нуран, уәж’әл ли нуран, уәж’әлни нуран, Аллаһуммә а’тыйни нуран, уәж’әл фи ‘асаби нуран, уә фи ләхми нуран, уә фи дәми нуран, уә фи шә’ри нуран, уә фи бәшәри нуран».

(Аллаhуммә-жәл ли нуран фи қабри уә нуран фи ‘изоми) (уә зидни нуран уә зидни нуран уәзидни нурануә hаб ли нуран ‘алә нуран».

((اللَّهُمَّ اجْعَلْ فِي قَلْبِي نُوراً، وَفِي لِسَانِي نُوراً، وَفِي سَمْعِي نُوراً، وَفِي بَصَرِي نُوراً، وَمِنْ فَوْقِي نُوراً، وَمِنْ تَحْتِي نُوراً، وَعَنْ يَمِينِي نُوراً، وَعَنْ شِمَالِي نُوراً، وَمِنْ أَمَامِي نُوراً، وَمِنْ خَلْفِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي نَفْسِي نُوراً، وَأَعْظِمْ لِي نُوراً، وَعَظِّم لِي نُوراً، وَاجْعَلْ لِي نُوراً، وَاجْعَلْنِي نُوراً، اللَّهُمَّ أَعْطِنِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي عَصَبِي نُوراً، وَفِي لَحْمِي نُوراً، وَفِي دَمِي نُوراً، وَفِي شَعْرِي نُوراً، وَفِي بَشَرِي نُوراً)) (([اللَّهُمَّ اجْعَلْ لِي نُوراً فِي قَبْرِي... وَنُوراً فِي عِظَامِي])) [((وَزِدْنِي نُوراً، وَزِدْنِي نُوراً، وَزِدْنِي نُوراً))] [((وَهَبْ لِي نُوراً عَلَى نُورٍ))]

Аудармасы: «Я, Алла! Жүрегіме нұр сал, тіліме нұр сал, құлағыма нұр сал, жанарыма нұр сал және менің үстімен нұр бер, астымнан нұр бер, маған оң жағымнан нұр бер, маған сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, жан дүниеме нұр сал және мен үшін нұрды ұлы ет, әрі мен үшін нұрды үлкен ет, мен үшін нұрды жақ әрі менің өзімді нұр ет! Я, Алла! Маған нұр сыйлай гөр, менің сіңірлеріме нұр сал, тәніме нұр сал, қаныма нұр сал, шашыма нұр сал, теріме нұр сал.

 

[2]. МЕШІТКЕ КІРЕРДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА.

(Мешітке) оң аяқпен кіру және кірерде былай деп айту қажет: «Ә’узу би-Лләһил ‘Азыйми, уә би-уәжһиһил-Кәрими, уә султани-һи-л-қадими, мин әш-шәйтанир-ражим. Бисми-Лләһ, уә-с-саләту уә-с-сәләму ‘алә расулиЛләһ. Аллаһуммә-фтәх-ли әбуәбә рахматик!»

((أَعُوذُ بِاللَّهِ العَظِيمِ، وَبِوَجْهِهِ الكَرِيمِ، وَسُلْطَانِهِ القَدِيمِ، مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ)) [بِسْمِ اللَّهِ، وَالصَّلَاةُ] [وَالسَّلَامُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ] ((اللَّهُمَّ افْتَحْ لِي أَبْوَابَ رَحْمَتِكَ))

Аудармасы: «Ұлы Аллаға, Оның ардақты Дидарына және Оның ежелден мәңгі билігіне лағынетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сиынамын. Алланың атымен, Алланың Елшісіне игілік пен сәлем болсын! Я, Алла! Маған рақымыңның есіктерін аша гөр!»

3. МЕШІТТЕН ШЫҒАРДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА.

«Бисми-Лләһи, уәс-саләту уәс-сәләму ‘алә расулиЛләһ, Аллаһуммә инни әс-әлу-кә мин фәдлик, Аллаһуммә-‘сымни минәш шәйтанир-ражийм»

((بِسْمِ اللَّهِ وَالصّلَاةُ وَالسَّلَامُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِك، اللَّهُمَّ اعْصِمْنِي مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ))

Аудармасы: «Алланың атымен, Алланың Елшісіне игілік пен сәлем болсын! Я, Алла! Шынында, мен Сенің кеңшілігінді сұраймын. Я, Алла! Мені лағынетке ұшыраған шайтаннан қорғай гөр».

 

[4]. НАМАЗДА СӘЛЕМ БЕРГЕННЕН СОҢ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР.

«Әстәғфиру-Ллаһ (3 рет). Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләму, уә минкә-с-сәләму, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам!»

((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ (ثَلاَثَاً) اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ، وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ))

Аудармасы: «Алладан кешірім сұраймын (3 рет). Я, Алла! Сен Мінсіз («әс-Сәләм» - Аллаhтың қандайда кемшілік атаулыдан азат екендігіне нұсқайтын Оның көркем есімдерінің бірі.), әрі есен-амандық Сенен (Яғни: кез-келген қайғы-қасіреттерден Сен ғана құтқарасын), уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі-Берекелісің»

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир (3 рет). Аллаһуммә, лә мәни’а лимә ә’тайта, уә лә му’тыйя лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдду».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ [ثلاثاً]، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді (3 рет). Я, Алла! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Күш-Құдірет иесінің күш-құдіреті Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады».

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нә’буду иллә ийәһу, ләһу-н-ни’мәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ, لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الكَافِرُونَ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі барлық мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол ие (Ең жоғары, кемел артықшылықтар немесе сипаттар меңзеледі), Оған көркем (лайықты) мақтау-мадақтар болсын. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, ал біз Алланың алдында дінде ықыластымыз, тіпті бұл кәпірлерге ұнамаса да».

«Субханә-Ллаһи, уәл-хамду ли-Лләһи, уа-Ллаһу Әкбару (33 реттен), лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир!»

((سُبْحَانَ اللَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ (ثلاثاً وثلاثين) لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))   

Аудармасы: «Алла Пәк (33 рет), бүкіл мақтау Аллаға (33 рет), Алла Ұлы (33 рет). Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!»

«Ықлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін әр намаздан кейін бір рет, ал таң (фәжр) және ақшам (мағриб) намазынан кейін үш рет оқу керек:                                                                                                                                                                                                                                 
Әрбiр намаздан кейiн келесі «Аятул-Курсиді» оқу керек:

بسم الله الرحمن الرحيم

اللهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَىْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ

Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Алланың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор» («әл-Бақара» сүресі , 255-аят).                «Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә юмиту, уә һууә ‘алә кулли шайин қадир».

 ((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ)) عَشْرَ مَرّاتٍ بَعْدَ صَلاةِ الْمَغْرِبِ وَالصُّبْحِ

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (бұл сөздерді таң (фәжр) намазы мен ақшам (мағриб) намазынан кейін он реттен қайталау керек).

 «Аллаһуммә инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан-тайибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән».

((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً)) بَعْدَ السّلامِ مِنْ صَلاَةِ الفَجْرِ

Аудармасы: «Я, Алла! Шын мәнінде, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын» (Таң (фәжр) намазынан кейін оқылады).

[5]. ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ КЕШКЕ АЙТЫЛАТЫН ЗІКІРЛЕР.

«Аят әл-Курсиді» оқу

«Ықлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін оқу

«Асбахнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи (ал егер дұға кешке оқылса, онда: Әмсәйнә уә әмсәл мульку ли-Лләһи) уәлхамду ли-Лләһи, лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир. Рабби, әс-әлукә хайра мә фи һәзәл йәуми уә хайра мә бә’дәһу, уә ә’узу бика мин шәрри мә фи һәзәл йауми уә шәрри ма бә’дәһу!(ал егер дұға кешке оқылса, онда: Рабби әс-әлукә хайра ма фи һәзиһи-л-ләйләти уә хайра мә бә’дәһа, уә а’узу бикә мин шәрри мә фи һәзиһи-л-ләйләти уә шәрри ма бә’дәһа). Рабби, ә’узу бикә минәл-кәсәли уә су-ил-кибәри, Рабби ә’узу бикә мин ‘азәбин фи-н-нәри уә ‘азәбин фи-л-қабр!»

Таңертең: أَصْبَحْنَا وَأَصْبَحَ الْمُلْكُ لِلَّهِ

Кешкісін: أَمْسَيْـنا وَأَمْسـى المـلكُ لله

وَالْحَمْدُ لِلَّهِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ،

Таңертең: وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا فِي هَذَا الْيَوْمِ وَشَرِّ مَا بَعْدَهُ، رَبِّ أَسْأَلُكَ خَيْرَ مَا فِي هَذَا الْيَوْمِ وَخَيرَ مَا بَعْدَه

Кешкісін: وَأَعـوذُ بِكَ مِنْ شَـرِّ هـذهِ اللَّـيْلةِ وَشَرِّ ما بَعْـدَهـا رَبِّ أسْـأَلُـكَ خَـيرَ ما في هـذهِ اللَّـيْلَةِ وَخَـيرَ ما بَعْـدَهـا

رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ وَسُوءِ الْكِبَرِ، رَبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابٍ فِي النَّارِ وَعَذَابٍ فِي الْقَبْرِ))

Аудармасы: Таңертең: «Біз таң атырдық, әрі осы таңда бүкіл  үстемдік Аллаға тән (Ән-Науауидің түсіндірмелерінде бұл сөздер оларды айтып тұрған кісінің бүкіл үстемдік әрдайым Аллаға тән болғандай, осы таңда да Оған тән екеніне көз жеткізген күйін түсіндіреді деп айтылады)».

Кешкісін: «Біз күн батырдық әрі осы кеште бүкіл үстемдік Аллаға тән».

«Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтау-мадақ Оған лайық, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді».

Таңертең: «Я, Раббым! Мен Сенен осы күнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы күнгі және одан кейінгі жамандықтан сақтауыңды тілеймін».

Кешкісін: «Я, Раббым! Мен Сенен осы түнгі және одан кейінгі жаксылықты сұраймын, әрі осы түнгі және одан кейінгі жамандықтардан сақтауынды тілеймін». «Я, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі қаусап қартаюдан Өзіңе сиынамын. Я, Раббым! Мен Тозақ азабынан және қабір азабынан Өзіңе сиынамын!»

Таңертең: «Аллаһуммә, бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкә-н-нушуру».

((اللَّهُمَّ بِكَ أَصْبَحْنَا، وَبِكَ أَمْسَيْنَا، وَبِكَ نَحْيَا، وَبِكَ نَمُوتُ وَإِلَيْكَ النُّشُورُ))

Аудармасы: «Я, Алла! Сенімен таң атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз жұмамыз, және қайтар жеріміз Сен жақ».

Кешке: "Аллаһуммә, бикә әмсайнә, уә бикә асбахнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту, уә иләйкәл мәсыйр".

اللّهُـمَّ بِكَ أَمْسَـينا، وَبِكَ أَصْـبَحْنا، وَبِكَ نَحْـيا، وَبِكَ نَمـوتُ وَإِلَـيْكَ المَصـير

Аудармасы: «Я, Алла! Сенімен күн батырдық және Сенімен таң атырдық, Сенімен өмір сүреміз, Сенімен (қалауыңмен) өлеміз, және қайтуымыз Сен жақ».

(Бұл дұғада «Сенімен» деген сөз «Сенің көмегіңмен» деген мағынада қолданылады. – Аудармашыдан (қаз.)).                                            

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»

((اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ، وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ))

Аудармасы: «Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!» 

«Аллаһумма, инни асбахту (егер кешке оқыса: "Инни әмсәйту", – дейді) ушһидукә уә ушһиду хәмәләтә ‘әршикә, уә мәләикәтәкә уә жәми’а халқикә, әннәкә Әнтә-Ллаһу, лә иләһа иллә Әнтә, уәхдәкә лә шәрикә ләкә, уә әннә Мухаммәдан ‘абдукә уә расулук» (4 рет).

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَصْبَـحْتُ أَُشْـهِدُك ، وَأُشْـهِدُ حَمَلَـةَ عَـرْشِـك ، وَمَلائِكَتِك ، وَجَمـيعَ خَلْـقِك ، أَنَّـكَ أَنْـتَ اللهُ لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ وَحْـدَكَ لا شَريكَ لَـك ، وَأَنَّ ُمُحَمّـداً عَبْـدُكَ وَرَسـولُـك .(أربع مرات حينَ يصْبِح أوْ يمسي(

Аудармасы: «Я, Алла! Осы таңда (егер кешке айтылса: «Осы кеште») мен Өзіңді және ‘Аршыңды көтеріп тұрушыларды, періштелеріңді және бүкіл жаратылыстарыңды ақиқатында Сен – Алла, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Сен Жалғыз, Сенің серігің жоқ екеніне, әрі шын мәнінде, Мухаммад – Сенің құлың әрі елшің екендігіне куә етемін».  (Бұл сөздерді төрт рет айту керек. Кімде-кім бұны таңертең және кешке істесе, Алла оны Тозақ отынан құтқарады).

«Аллаһуммә, ‘афини фи бәдәни, Аллаһуммә, ‘афини фи сәм’и, Аллаһуммә, ‘афини фи бәсари, лә иләһа иллә Әнтә, Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл-куфри, уәл-фәқри, уә ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, лә иләһа иллә Әнта!» (3 рет).

اللّهُـمَّ عافِـني في بَدَنـي ، اللّهُـمَّ عافِـني في سَمْـعي ، اللّهُـمَّ عافِـني في بَصَـري ، لا إلهَ إلاّ اللّه أَنْـتَ . اللّهُـمَّ إِنّـي أَعـوذُبِكَ مِنَ الْكُـفر ، وَالفَـقْر ، وَأَعـوذُبِكَ مِنْ عَذابِ القَـبْر ، لا إلهَ إلاّ أَنْـتَ .(ثلاثاً(

Аудармасы: «Я, Алла! Тәнімді сау-саламат ет! Я, Алла! Құлағымды сау-саламат ет. Я, Алла! Жанарымды сау-саламат ет! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Я, Алла! Мен күпірлік пен пақырлықтан Өзіңе сиынамын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сиынамын. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (бұл сөздерді үш рет айту керек).

«Хәсбия-Ллаһу, лә иләһа иллә һууә, ‘аләйһи тәуәккәлту уә һууә Раббул ‘Аршил-’Азыйм» (7 рет).

((حَسْبِيَ اللَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ عَلَيهِ تَوَكَّلتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ)) (سَبْعَ مَرّاتٍ)

Аудармасы: «Маған Алла жетіп артады. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол ұлы ‘Аршының Раббысы» (бұл сөздерді жеті рет айту керек).

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афиятә фи-д-дунйа уә-л-әхираһ, Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афияһ: фи дини, уә дунйа-йа, уә әһли, уә мәли. Аллаһуммә-стур ‘әурати уә ә-мин рау’ати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә мин холфи, уә ‘ан ями-ни, уә ‘ан шимәли, уә мин фәуқи, уә ә’узу би-’азомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти!»

((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ: فِي دِينِي وَدُنْيَايَ وَأَهْلِي، وَمَالِي، اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَاتِي، وَآمِنْ رَوْعَاتِي، اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَينِ يَدَيَّ، وَمِنْ خَلْفِي، وَعَنْ يَمِينِي، وَعَنْ شِمَالِي، وَمِنْ فَوْقِي، وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تَحْتِي))

Аудармасы: «Я, Алла! Мен Сенен дүние мен Ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Мен Сенен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, жанұям мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Я, Алла! Менің ұятты жерлерімді жасыр, мені корқыныштан аман ет. Я, Алла! Мені алдымнан да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан да, және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ маған (аяқ) астымнан да қиянат жасалып, өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сиынамын!»

«Аллаһуммә, ‘Aлимәл-ғайби уә-ш-шәһәдәти, Фәтира-с-сәмәуәти уәл-арды, Раббә кулли шәй-ин уә Мәликәһу, әшһәду әл-лә иләһа иллә Әнтә, ә’узу бикә мин шәрри нәфси, уә мин шәрри-ш-шәйтани уә ширкиһи, уә ән әқтәрифә ‘алә нәфси су-ән әу әжурра-һу илә муслимин».

((اللَّهُمَّ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ، رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى  نَفْسِي سُوءاً، أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ))

Аудармасы: «Я, Алла, көмес пен көрнеуді Білуші, көктер мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раббысы әрі Патшасы. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен әрі шайтанның жамандығы мен көпқұдайшылығынан Өзіңе сиынамын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасап қоюдан Өзіңе сиынамын».

«Бисми-Лләһи-лләзи лә ядурру мә’а-смиһи шәи ун фи-л-әрды уә лә фи-с-сәмә-и уә һууә-с-Сәми’ул-’Алим» (3 рет).

((بِسْمِ اللَّهِ الَّذِي لاَ يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلاَ فِي السّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ))

Аудармасы: «Алланың атымен. Оның есімімен көктер мен жерде ешбір нәрсе зиян тигізе алмайды, өйткені Ол – Толық Естуші, Аса Білуші!» (3 рет).

«Радыйту би-Лләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин, саллә-Ллаhу ‘аләйhи уәсәлләма, нәбийян» (3 рет).

((رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبَّاً، وَبِالْإِسْلاَمِ دِيناً، وَبِمُحَمَّدٍ × نَبِيّاً)).

Аудармасы: «Мен Аллаға Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мухаммадқа, саллә-Ллаhуаләйhи уә сәлләмпайғамбар ретінде разымын» (Бұл дұғаны таңертең және кешке үш қайтара айтып жүрген кісіге Қиямет Күнінде  Алла міндетті түрде рақымын танытады).

«Йа Хайю, йа Қайюму, би-рахмәтикә әстәғису, аслих ли шә`ни кулләһу уә лә тәкил-ни илә нәфси тарфәтә ‘айн!»

((يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغيثُ أَصْلِحْ لِي شَأْنِيَ كُلَّهُ وَلاَ تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ))

Аудармасы: «Я, (мәңгі) Тірі! Я, мәңгі Жасаушы (Алла)! Өз рахметіңмен менің барлық істерімді онда. Сондай-ақ мені өз нәпсіме қасқағым сәтке болса да беріп қойма!»

«Асбәхнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘Аләмин. Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзәл-йаум: фәтхаһу, уә насраһу, уә нураһу, уә бәракәтәһу, уә һудәһу, уә ә’узу бикә мин шәрри мә фиһи уә шәрри мә бә’даһу». 

(Егер де кешке оқылса, төмендегідей оқылады).

 «Әмсәйнә уә әмсәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘’Аләмин. Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзиһил-ләйләһ: фәтхаһә, уә насраһә, уә нураһә, уә бәракәтәһә, уә һудәһә, уә ә’узу бикә мин шәрри мә фиһә уә шәрри мә бә’дәһә».

أَصْبَـحْـنا وَأَصْبَـحْ المُـلكُ للهِ رَبِّ العـالَمـين ، اللّهُـمَّ إِنِّـي أسْـأَلُـكَ خَـيْرَ هـذا الـيَوْم ، فَـتْحَهُ ، وَنَصْـرَهُ ، وَنـورَهُ وَبَـرَكَتَـهُ ، وَهُـداهُ ، وَأَعـوذُ بِـكَ مِـنْ شَـرِّ ما فـيهِ وَشَـرِّ ما بَعْـدَه / أَمْسَيْـنا وَأَمْسـى المُـلكُ للهِ رَبِّ العـالَمـين ، اللّهُـمَّ إِنِّـي أسْـأَلُـكَ خَـيْرَ هـذهِ اللَّـيْلَة ، فَتْحَهـا ، وَنَصْـرَهـا ، وَنـورَهـا وَبَـرَكَتَـهـا ، وَهُـداهـا ، وَأَعـوذُ بِـكَ مِـنْ شَـرِّ ما فـيهـاِ وَشَـرِّ ما بَعْـدَهـا

Аудармасы: «Біз таңды атырдық (кешті батырдық), әрі осы таңда (кеште) бүкіл үстемдік әлемдердің Раббысы – Аллаға тән. Я, Алла! Шын мәнінде, мен Сенен бұл күннің (бұл түннің) жақсылығын, жәрдемі мен нұрын, жеңісі мен берекесін, сондай-ақ туралығын тілеймін, әрі Сенен осы күннің (осы түннің) және одан кейінгі (күндердің) жамандықтарынан сақтауыңды сұраймын». (Сондай-ақ осы дұғаны, ондағы «таң» мен «күн» сөздерінің орнына «кеш» пен «түн» деген сөздерді қолданып, кешке де айту керек).

«Асбахнә (әмсәйнә) ‘алә фитратил-Исләми уә ‘алә кәлимәтил-ихлас, уә ‘алә дини нәбиийнә Мухаммәдин, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, уә ‘алә милләти әби-нә Ибраһима ханифән-муслимән. Уә мә кәнә минәл-мушрикин».

أَصْـبَحْنا[أَمْسَـينا] علـى فِطْـرَةِ الإسْلام ، وَعَلـى كَلِـمَةِ الإخْـلاص ، وَعلـى دينِ نَبِـيِّنا مُحَـمَّدٍ وَعَاـى مِلَّـةِ أبينـا إِبْـراهيـمَ حَنيـفاً مُسْلِـماً وَمـا كـانَ مِنَ المُشـرِكيـن

Аудармасы: «Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес, пайғамбарымыз Мухаммад, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, әкелген дінін ұстанып, сондай-ақ атамыз Ибраһимнің миллетін (дінін) ұстанып таң атырдық (кеш батырдық). Ол (Ибраһим) ханиф және мұсылман еді, әрі мүшриктерден емес еді».                                                                                                                               

«Субхәнәл-Лаһи уә бихамдиһ!» (100 рет)

((سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ)) (مائة مرَّةٍ)

Аудармасы: «Алла (кемшілік атаулыдан) Пәк әрі мақтау-мадақ Оған тән» (100 рет).

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду, уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». (Бұл сөздерді он рет қайталау керек, немесе адамды жалқаулық басқан кезде бiр рет айту керек).

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир».

((لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ، وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ))

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». (Бұл сөздерді күнделікті таңертең жүз рет қайталау керек).

«Субхәнә-Ллаһи уә бихамдиһи ‘адәдә халқиһи, уә ридо нәфсиһи, уә зинәтә ьаршиһи уә мидәдә кәлимәтиһ!» (Таңертең 3 рет).

((سُبْحَانَ اللَّهِ وَبِحَمْدِهِ: عَدَدَ خَلْقِهِ، وَرِضَا نَفْسِهِ، وَزِنَةَ عَرْشِهِ، وَمِدَادَ كَلِمَاتِهِ)) (ثلاثَ مرَّاتٍ إذا أصبحَ)

Аудармасы: «Алла Пәк және Оған жаратылыстарының саны қанша болса – сонша, әрі Оның Өзі қанша қалайтын болса – сонша мадақтар болсын, және осы мақтау-мадақтардың салмағы Оның ‘Аршының салмағына тең болсын, және оларды жазу үшін Оның Сөздерін жазуға қажет болғандай сия қажет болсын!».

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»

((اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْماً نَافِعاً، وَرِزْقاً طَيِّباً، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً))

Аудармасы: «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!» (Таңертең айтылады.)

«Әстәгфиру-Ллаһа уә әтубу иләйһи».

((أَسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأَتُوبُ إِلَيْهِ))

Аудармасы: «Мен Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін». (Күніне 100 рет айтылады).

«Ә’узу би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти мин шәрри мә халәқ».

((أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ)) (ثلاثَ مرَّاتٍ إذا أمسى)

Аудармасы: «Алланың кемел сөздерімен Оның жаратқан мақұлықтарының кесірінен Оған сиынамын». (Бұл сөздерді кешке үш рет айту керек).

«Аллаһуммә, салли уә саллим ‘алә нәбийинә Мухаммәдин» ((اللَّهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ عَلَى نَبَيِّنَا مُحَمَّدٍ))

Аудармасы: «Я, Алла! Пайғамбарымыз Мухаммадқа игілік пен сәлеміңді бер!» (Бұл сөздер таңертең және кешке 10 рет айтылады).

[6]. АУЫЗАШАР ДҰҒАСЫ:

«Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! 
Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр! 
 

[7]. ҰЙЫҚТАР АЛДЫНДА АЙТЫЛАТЫН ЗІКІРЛЕР.

Екі алақанды біріктіріп жайып көкірек тұсына әкеліп, оларға үрлеп дем салып, содан кейін: «Әл-Ихләс», «Әл-Фаләқ», «Ән-Нәс» сүрелерін оқып, (аудармасы №70 дұғада келтірілген), кейін алақандарымен денесін: басынан бастап, сосын жүзіне, кеудесіне өтіп, - толық сипап шығады. (Яғни: 1 - Алақанға үрлеу. 2 - Сүрелерді оқу. 3 - Денені сипау. – ред. Осы ретпен 3 рет қайталау керек.)

«Әл-Курси» аятын оқу («әл-Бақара» сүресі, 255-аят). Аудармасы №71 дұғада келтірілген.

«Бақара» сүресінің 285-286 аяттарын оқу:

ءامَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ ءامَنَ بِاللهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لاَ نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ وَقَالُواْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ {285} لاَ يُكَلِّفُ اللهُ نَفْسًا إِلاَّ وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لاَ تُؤَاخِذْنَا إِن نَّسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلاَ تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلاَ تُحَمِّلْنَا مَا لاَ طَاقَةَ لَنَا بِهِ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَآ أَنتَ مَوْلاَنَا فَانصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ 

«Елші өзіне Раббысы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де. Олардың барлығы Аллаға, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне иман келтіреді. Олар: «Оның Елшілерінің араларын айырмаймыз. Естідік те, бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың», - дейді. Алла кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді, істеген жақсылығы өз пайдасына, жамандығы өз зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ, не жаңылсақ, бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді де артпа. Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мархамет ет, әрі бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» («әл-Бақара» сүресі, 285-286-аяттар)                                                                                    

«Би-смикә, Рабби, уәда’ту жәнби уә бикә әрфә’уһу, фә ин әмсәктә нәфси, фәрхамһә, уә ин әрсәлтәһә, фахфәзһә бимә тәхфәзу биһи ‘ибәдәкә-с-салихин».

((بِاسْمِكَ رَبِّي وَضَعْتُ جَنْبِي، وَبِكَ أَرْفَعُهُ، فَإِن أَمْسَكْتَ نَفْسِي فارْحَمْهَا، وَإِنْ أَرْسَلْتَهَا فَاحْفَظْهَا، بِمَا تَحْفَظُ بِهِ عِبَادَكَ الصَّالِحِينَ))

Аудармасы: «Сенің есіміңмен, я, Раббым! Сенің есіміңмен (оң) қырыммен жаттым, әрі Сенің есіміңмен тұрамын. Егер менің жанымды алатын болсаң, оған рахым ете гөр. Егер оны (маған) қайтаратын болсаң, оны ізгі пенделеріңді (жамандықтан) сақтағаныңдай сақтай гөр».

«Аллаһуммә, иннәкә халәқтә нәфси уә Әнтә тәуәффә-һә, ләкә мәмәту-һә уә мәхйә-һә. Ин ахйяйтә-һә, фәхфәз-һә, уә ин әмәттә-һә, фәғфир ләһә. Аллаһуммә, инни әс-әлукәл ‘афияһ!»

((اللَّهُمَّ إِنَّكَ خَلَقْتَ نَفْسِي وَأَنْتَ تَوَفَّاهَا، لَكَ مَمَاتُهَا وَمَحْياهَا، إِنْ أَحْيَيْتَهَا فَاحْفَظْهَا، وَإِنْ أَمَتَّهَا فَاغْفِرْ لَهَا. اللَّهُمَّ  إِنِّي أَسْأَلُكَ العَافِيَةَ))

Аудармасы: «Я, Алла! Расында, Сен менің жанымды жараттың, әрі оны Сен аласың. Оның өлуі мен тірі болуы Сенің қолыңда. Егер оған қайта өмір берсең, оны қорғай гөр, ал егер оған өлім берсең, оны жарылқай гөр. Я, Алла! Расында, мен Сенен кешіріміңді сұраймын!»

«Аллаһуммә, қини ‘азәбәкә йәумә тәб’асу ‘ибәдәк!»

((اللَّهُمَّ قِنِي عَذَابَكَ يَوْمَ تَبْعَثُ عِبَادَكَ))

Аудармасы: «Я, Алла! Мені пенделеріңді қайта тірілтетін күндегі азабыңнан сақтай гөр!» (Бұл сөздерді үш рет айту керек.)

«Бисмикә-Ллаһуммә, әмуту уә ахйа».

((بِاسْمِكَ اللَّهُمَّ أَمُوتُ وَأَحْيَا))

Аудармасы: «Я, Алла! Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын)».

 

«Субхәна-Ллаһ (33 рет), уәл-хамду лиЛләһ (33 рет), уә-Ллаһу Әкбар (34 рет)».

   ((سُبْحَانَ اللَّهِ (ثلاثاً وثلاثين) وَالْحَمْدُ لِلَّهِ (ثلاثاً وثلاثين) وَاللَّهُ أَكْبَرُ (أربعاً وثلاثينَ))

Аудармасы: «Алла кемшілік атаулыдан Пәк (33 рет), барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық(33 рет), Алла Ұлы (33 рет)».

«Аллаһуммә, Раббә-с-сәмәуәти-с-сәб’и уә Раббә-л-арды, уә Раббә-л-’Аршил ‘Азыйми, Раббәнә уә Раббә кулли шәй-ин, Фәлиқа-л-хабби уә-н-нәуа, уә мунзилә-т-Тәурати, уә-л-Инжили, уә-л-Фурқани, ә’узу бикә мин шәрри кулли шәй-ин Әнтә әхызун би-нәсыйятиһи. Аллаһуммә, Әнтә-л-Әууәлу фә ләйсә қабләкә шәйун, уә Әнтә-л-Әхиру фә ләйсә бә’дәкә шәйун, уә Әнтә-з-Зahиpy фә ләйсә фәуқакә шәйун, уә Әнтә-л-Бәтыну фә ләйсә дунәкә шәйун, ақды ‘аннә-д-дәйнә уә әғнинә минәл-фәқр»

((اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَرَبَّ الأَرْضِ، وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى، وَمُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ، وَالْفُرْقَانِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شَيْءٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ. اللَّهُمَّ أَنْتَ الأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الآخِرُ فَلَيسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ، اقْضِ عَنَّا الدَّيْنَ وَأَغْنِنَا مِنَ الْفَقْرِ))

Аудармасы: «Жеті көктің Раббысы, әрі ұлы ‘Аршының Раббысы. Біздің Раббымыз және барлық нәрселердің Раббысы, дән мен дәнекті Жарушы, Тауратты, Інжілді және Ажыратушынытүсіруші, я, Алла! Барлық нәрселердің кесірінен Өзіңе сиынамын, өйткені бүкіл нәрсе Саған бағынышты. Я, Алла! Сен Әуелгісің, өйткені Сенен бұрын еш нәрсе болмаған, Сен Ақырғысың, өйткені Сенен кейін еш нәрсе болмақ емес. Сен Көрнеусің, Сенің үстіңде еш нәрсе жоқ, Сен Жақынсың (Білушісің), Сенен жақын еш нәрсе жоқ. Бізді қарыздарымыздан құтқар, әрі бізді кедейліктен құтқар!»

«Әлхамду ли-Лләһи-лләзи ат-’аманә уә сәқанә уә кәфәнә уә әуәнә, фә кәм миммән лә кәфия ләһу уә лә му'уия».

((الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا، وَكَفَانَا، وَآوَانَا، فَكَمْ مِمَّنْ لاَ كَافِيَ لَهُ وَلاَ مُؤْوِيَ))

Аудармасы: «Бізді тамақтандырған және сусындандырған, сондай-ақ бізді қорғап, бізге баспана берген Аллаға мақтаулар болсын. Өйткені қорғаушысы мен баспана берушісі жоқтар қаншама!».          

«Аллаһуммә, ‘Алимәл-ғайби уә-ш-шәһәдәти, фәтыйра-с-сәмәуати уә-л-арды, Раббә кулли шәй-ин уә Мәликәһу, әшһәду әллә иләһа иллә Әнтә, ә’узу бикә мин шәрри нәфси уә мин шәрри-ш-шәйтани уә ширкиһи уә ән әқтәрифә ‘алә нәфси су-ән әу әжурраһу илә муслимин»

((اللَّهُمَّ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ، رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى  نَفْسِي سُوءاً، أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ)) 

Аудармасы: «Я, Алла, көмес пен көрнеуді Білуші, көктер мен жердің Жаратушысы, барлық нәрселердің Раббысы әрі Патшасы. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және өз нәпсімнің кесірінен әрі шайтанның жамандығы мен көпқұдайшылығынан Өзіңе сиынамын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасап қоюдан Өзіңе сиынамын».

«Сәжде» және «Мулік» сүрелерін оқу керек.

«Аллаһуммә, әсләмту нәфси иләйка, уә фәууәдту әмри иләйкә, уә уәжжәһту уәжһи иләйкә, уә әлжә‘ту заһри иләйкә рағбәтән уә раһбәтән иләйкә. Лә мәлжә-ә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә, әмәнту би Китәбикә-лләзи әнзәлтә уә би нәбиййикә-лләзи әрсәлта».         

((اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ نَفْسِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لاَ مَلْجَأَ وَلاَ مَنْجَا مِنْكَ إِلاَّ إِلَيْكَ، آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ))

Аудармасы: «Я, Алла! Өзімді Саған бойсұндырдым, және ісімді Өзіңе тапсырдым, әрі жүзімді Саған қараттым, және өз қалауыммен әрі Өзіңнен қорқып, Саған өзімді тапсырдым. Сенің Өзіңе ғана жүгінусіз Сенен пана да, құтылу да табу мүмкін емес. Мен Сенің түсірген Кітабыңа әрі жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім».