Таң 04:25 Күн 05:53 Бесін 12:24 Екінті 16:45 Ақшам 18:46 Құптан 20:15

Тарауих намазының тарихына шолу

137 Абдуссамад Махат

Тарауих намазының тарихына шолу
Тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылады. Бұл мәселеде біріншіден: Имам Әл-Байһақи Ибн Аббастан және Әс-Сәййиб ибн Язидтен (родиял-лаһу ъанһума) еткен риуаяттар дәлел.[1] Нақтырақ айтқанда Ибн Аббастың (родиял-лаһу ъанһу) риуаятында Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығаны жайында айтылса, Әс-Сәййиб ибн Язидтың (родиял-лаһу ъанһу) риуаятында екінші халифа Омар ибн Әл-Хаттабтың заманында тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылатыны айтылған.[2]

 

Жалпы ғалымдар тарауих намазының рәкәғат санына қатыс-ты түрлі пікір айтқанымен, ғалымдардың басым көпшілігі: «Тара-уих рәкәғатының саны – жиырма рәкәғат»,-деген көзқарасты ұстанып, бұл мәселеде Омар, Әли т.б. сахабалардың (родиял-лаһу ъанһум) риуаяттарына сүйенген.[3]

Мәселен, мазһабымыздың Имамы Әбу Ханифа, ғалымдар-дан Имам Әт-Таури, Имам Ибн Әл-Мүбәрак, Имам Шафиғи, Имам Малик, Имам Ахмад т.б. Ислам әлеміне білімділігімен әйгілі ғалымдар тарауих жиырма рәкәғат етіліп оқылатыны жайында айтқан.[4]

Омар ибн Әл-Хаттаб[5] (родиял-лаһу ъанһу) халифалық[6]дәуірінен бастап мұсылмандар жаппай тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқитын болды. Омардың (родиял-лаһу ъанһу) бұл үкіміне бірде-бір сахаба (родиял-лаһу ъанһум) әрі кейінгі халифаның бірі де қарсы шықпады.[7]

Әбу Ханифа Омардың (родиял-лаһу ъанһу) бұл ісі жайында сұралғанда: «Омар (родиял-лаһу ъанһу) мұны ойынан шығарма-ды»,-деп жауап берсе,[8] Имам Шафиғи: «Мен Меккеде адамдар тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығанын көрдім»,-деген.[9]

Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Омарды (родиял-лаһу ъанһу) көзі тірісінде-ақ ол жәннаты бола-тыны жайында айтып сүйіншілеген болатын. Ал сол Омар (родиял-лаһу ъанһу) тәрізді сахабаға еруге қатысты дәлел ретінде Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Менiң сүннәтiм мен әдiлеттi халифалардың жолына тiс-тырнақтарыңмен жабысыңдар!»,-деген сөзін келтіруден басқа ләжіміз жоқ![10]

 

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 


 

 

[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]Бұл да сонда.

[3]«Тухфатүл-Ахуази».

[4]Бұл да сонда.

[5]Омар ибн Әл-Хаттаб (родиял-лаһу ъанһу) - өзінің құдайшылдығы және тақуалығымен әйгілі сахаба. Әнас ибн Малик (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Мен Омар ибн Әл-Хаттабты (родиял-лаһу ъанһу) көрдiм. Омар (родиял-лаһу ъанһу) ол кезде мүминдердiң әмiрi, яғни халифа едi. Оның киiмi жамау болатын. Ал киiмiнiң бiр жерi үш қайтара жамалған еді». Сонымен қатар, Әнастың (родиял-лаһу ъанһу): «Омар (р.л.ғ.) хұтбаға шықты. Ол халифа бола тұрып, шалбарының он екi жамауы болатын»,-деген сөзі де бар. Сол уақытта әлемнiң төрттен бiрiн билеп, Рим және парсы империяларын бас идiрген мұсылмандар халифаға қымбат киiм кигiзiп қойғанға шамалары жетпей қалған жоқ. Бұл жоқшылықтың емес, қанағат пен адалдықтың, қазынаға қол сұқпаушылықтың белгiсi. («Шархус-сүннә»)

[6]халифа – Пайғамбарымыздың с.ғ.с. орынбасары, мұсылмандардың әмірі.

[7]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Бидәятүл-мүжтәһид уә ниһаятүл-муқтасыд», «Субулүс-Саләм».

[8]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[9]«Тухфатүл-Ахуази».

[10]«Сунәнут-Тирмизи».