Қаз Рус Qaz قاز
Таң 03:12 Күн 05:07 Бесін 13:16 Екінті 18:44 Ақшам 21:16 Құптан 23:11

Сәресі мен ауызашар дұғасы

02/05/2019 677285 24 muftyat.kz

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

 

 

Ауызашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

 

 

Пікірлер

Berdibek Bozhban | 05/05/2019

Ассалаумағалейкум, биыл алғаш рет ораза ұстайтын едім. Сәресі дұғасын сәресі ішер алдында айтады ма ? Рахмет!

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам! Алдын айтсаңыз да, кейін айтсаңыз да болады. Дегенмен, дұғаны ас ішіп болғаннан кейін оқыған абзалырақ. Ниетіңіз қабыл болсын! 

Шахмухаммед | 06/05/2019

Ассалаумагалейкум! Саресi iшпесе, жане саресiге оянбай ауыз бекытуге болады ма?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам! Ұйықтап қалып сәресі ішпей қалған болсаңыз оразаны жалғастыра беруге болады. Дегенмен, хадистерде Сәресіде береке болатындығы айтылады. Сондықтан да сәресіні ішуге тырысу қажет!  

Женис | 06/05/2019

Ассаламагалейкум уа рахметулахи уа баракатух Оразада ауыз бекітілгенен кейін адам түсінде жүніп болып калса ораза бұзылама

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Жоқ, бұзылмайды.

Женис | 07/05/2019

Ассаламагалейкум уа рахметулахи уа баракатуһ менің Анам хербалайф ішеді соны ішіп ауыз бекітіп жүр осы калай болады Онда Халал стандарт жоқ

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Аталмыш дәрінің халал стандарқа сай немесе сай еместігі бізге беймәлім. 

Saken | 07/05/2019

Ассалаумағалейкум, биыл алғаш рет ораза ұстайтын едім. Дуга ауыз ашар алдында окылама, алде ауыз ашканнан кейин окылама?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматулла! ауызашар дұғасын ауыз ашар алдында оқығаныңыз дұрыс. Ұмытып оқымаған болсаңыз ауыз ашып болғаннан кейін де оқысаңыз әбестігі жоқ. Алла ниетіңізді қабыл қылсын! 

Nurzhas | 07/05/2019

<< Berdibek Bozhban | 05/05/2019 Ассалаумағалейкум, биыл алғаш рет ораза ұстайтын едім. Сәресі дұғасын сәресі ішер алдында айтады ма ? Рахмет! Сайт әкімшілігі | 06/05/2019 Уағалейкум әссалам! Алдын айтсаңыз да, кейін айтсаңыз да болады. Ниетіңіз қабыл болсын!>> Ассалаумағалейкүм! Жоғарыда көрсетілген ол осы сайтта сіз қайтарған жауап. Осы жайлы. Білуімше сәресіде, ауыз бекітер уақытта, дұға оқылғаннан кейін ас ішілмеу керек. Дұға оқылғаннан кейін адамның ауызы бекітілген болып саналуы керек емес пе еді? Яғни егер дұға оқығаннан кейін ас не су ішілсе оразасы бұзылған болып есептелуі керек. Бұл жайлы не айтасыз? Менімше дұғаны ас қабылдап біткеннен кейін айтылуы керек? Қайсысы дұрыс? Осы жайлы жауап қатсаңыз.

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Жоғарыда айтқанымыздай, дұғаны астың алдында да астан кейін айтса да болады. Дұғаны алдын оқып кейін тамақтану немесе су ішу оразаны бұзбайды. Өйткені, мұнда бастысы ниет. Тіпті дұғаны оқымаса да, сәресіге ұйықтап қалса да ораза ұстаушының жүрегінде ораза ұстауға деген ниеті болғандықтан ораза бұзылмайды. Дегенмен, дұғаны астан кейін оқыған абзалырақ. 

Махамбет | 08/05/2019

Ассалам алейкум, Мен Ораза устаймын дегем, Бугинен бастап устауга болама?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматулла! Иә, әрине болады.

Barys | 08/05/2019

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Оразада байкамай жиналган тукирик жутып койсан ораза бузылама?Тукирик жута беруге боладыгой?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Оразада түкірік жұта беруге болады. Теке әдейілеп жинап жұтуға болмайды. Байқамай жұтып қойсаңыз кешірімді. 

Фархат | 08/05/2019

Ассаламу алейкум уа рохматуллахи уа баракатух! Сізден сұрайын дегенім менің анам ораза ұстағысы келеді бірақ демікпесі бар,демікпе басталғанда міндетті түрде су ішу керек.Тағы қан қысымы бар.Анама ораза ұстауға болама!Алдын ала рахмет

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! 

Су ішу тікелей ішке баратындықтан оразаны бұзады. Анаңызға ораза ұстау шарт емес. Ораза ұстағысы келсе ұстай берсін. Демікпесі бастала қойса оразасын ашып жіберуіне болады. Ашып жіберген күнін кейіннен қазасын өтей салады. 

Қазақ | 09/05/2019

Ассалаумағалайкум, сізге қояр сұрағым мен 5 күн ораза ұстамасам Рамазан айынан кейін 5 күн ораза ұстаймын ба, Себебі 5 күн әскери дайындық болады. Онда біз жүгіреміз тағысы тағы дегендей

admin | 19/05/2019

Уа алайкум салам! Рамазаннан кейін сол 5 күнді қаза етесіз.

Еркебұлан | 09/05/2019

Ассаламуалейкум! Рамазан айы мүбәрак болсын! Жамағатпен ауыз ашарда əр адам жеке жеке дұға жасайды ма? Əлде ішінен бір кісі дұға етсе жеткілікті ма?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Әмин, Рамазан баршамызға мүбәрак болсын! Жамағатпен ауыз ашарда əр адам жеке-жеке дұға жасаса да болады, Ішінен бір кісі жалпыға дұға жасаса да болады.

Мадина | 10/05/2019

Сәлеметсіз бе. Рамазан айы мубарак болсын! Сізге қояр сұрағым мен ауыз бекітерде дұға оқып болғаннан кейін байқамай су ішіп қойдым. Ондай жағдайда не болады

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Әмин, Рамазан баршамызға мүбәрак болғай! Байқамай су ішіп қойсаңыз оразаңыз бұзылмайды.

Алмас | 11/05/2019

Ассалам уагалейкум! Саресiндегi дуга айтылмай калса ораза стаган адамнын ниетi бузылама?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматуллаһ! Жоқ, бұзылмайды. Сәресіге тұруыңыздың өзі ауыз бекітуге ниет еткеніңізді білдіреді. Тіпті, ол күні сәресіге тұра алмай, ұйықтап қалсаңыз да бұзылмайды. Себебі, түнде жатарда ауыз бекітуге деген жүректе ниет болды.

Камилла | 11/05/2019

Сәлеметсіздер ме? Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Сұрайын деп едім, менің аяғым ауыр, ораза ұстасам бола ма? Ертеңнен бастасам, кейін ұсталмаған күндерді өтесем болады ма? Тағы аяғы ауыр келіншектерге қабірстанға баруға бола ма? Өте жақыным жатыр, апта сайын барып , құран оқып тұратынмын

admin | 19/05/2019

Сәлеметсізбе! 1) Жүкті әйелдің өзіне және ішіндегі баласына зиян болмаса, ораза тұтады. Тағы жеке дәрігерінен кеңес алғаны жөн. 2) Жүкті әйелдің қабір басына бармағаны абзал.

А | 11/05/2019

Салеметсиз бе егер мен ораза ұстасам ораза ұстамаған адамдармен бирге бир дастарханға отырсам болама ауыз ашпай тек жай отарсам

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Иә, сізге олармен отыруға болады.Ал, оларға әдептілік тұрғысынан аузы берік адамдармен дастарханда отырып, ас жемегені абзал. Жалпы, аузыңызды ашып жібермесеңіз оразаңыз бұзылмайды. 

Турган | 12/05/2019

Ауыз ашар намазды қазақ тілінде оқу ға болама?

admin | 19/05/2019

Меңзегеніңіз ауызашар дұғасы болар? Ауызашар намазы деген дүние жоқ. Ауызашар дұғасын қазақша оқуыңызға болады.

Жақсылық Аслан | 13/05/2019

Фатиха. Ықылас сүрелерін оқып ауызашар дұғасын оқуға болама

admin | 19/05/2019

Иә, Фатиха. Ықылас сүрелерін оқып ауызашар дұғасын оқуға болады. Жалпы басқа да кез келген қажеттілігіңізді сұрап, тілеуіңізді тілеп, дұға оқып ашуыңызға болады. Себебі ауыз ашудан алдын жасалған дұға қабыл болады делінген.

Жанар | 14/05/2019

Сәлеметсіз бе, Сіз ауызашар дұғасын ауызашарға дейін оқу абзал депсіз, бірақ дұғаның мағынасына қарағанда ауыз ашқан соң оқылмайды ма? Қазақ тіліндегі мағынасын айтамын, аузымды аштым, шөл кетті деп тұр.

admin | 19/05/2019

Иә, ауызашар дұғасын ауыз ашудан алдын оқу абзал. Ал, қазақша мағынасына келетін болсақ, олай айтыла береді. Міне-міне аузымды ашып отырмын деген мағынада.

Ауеспекова Мадина | 15/05/2019

Сəлеметсізбе. Мен ауыз ашардағы дұғаның орнына байқамай ауыз бекітердегі дұғаны оқып, ауыз ашып қойдым. Бұны кейін сəресіне тұрып, ауыз бекіткеннен кейін ғана байқадым. Қалай болады екен. Дұғаның орнын шатастырып алғаным-бұл күнə ма?

admin | 19/05/2019

Сәлеметсізбе! Жоқ, бұл әрекетіңізде ешбір күнә жоқ. Жалпы, ауызашарда тек осы дұғаны оқу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Дегенмен, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы дұғаны оқып ашқандықтан осы дұғаны оқу абзалырақ. Алайда, ауызашарда өз тілек-ниетіңізге қарай кез келген қажеттіліктеріңізді сұрап дұға етіп ауыз ашуыңызға болады. Себебі, Ауызашар уақытында жасалған дұғалар қабыл болады. 

Кенжегул Байымбетова | 15/05/2019

Саламатсыздарма.Рамазан мубарек болсын!Менің мынадай сұрағым бар еді.Әйел адамдар үшін тарауих намазын тусіндіріп жіберсеңіздер.Құптан намазынан кейін утір уажіп намазынан алдын оқылады делінген.20ракағатты 5ке бөліп оқу дегенді тусінбей турм.Ол әт тахиятпен бөлу дегенбе?толығырақ жауап берсеңіз.Алла разы болсын!Рахмет!

admin | 19/05/2019

Саламатсыз ба! Рамазан баршамызға мүбәрак болғай! Тарауих намазын 5-ке бөліп оқу дегеніміз, барлығы 20 рәкағат тарауих намазын 4 рәкағаттан 5-ке бөліп оқуды айтады.  

Акнур | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе. Ауыз бекіткенде алдымен су ішіп алып сосын дұға оқима әлде дұға оқып сосын су ішсе болмайды ма? Осыған дейін солай жасап жүрген болса оразалары бұзылады ма?

admin | 20/05/2019

Әссәләму ъаләйкум! Қалай істесеңіз де болады, тек таң намазының уақыты кіріп кетпесе болғаны. Дегенмен суды ішіп алып, сосын дұға етіп бекіткен дұрыс...

Жансая | 22/05/2019

Салеметсізбе.Əйел адамдардың хайыз күні бітіп сəресін ішіп бірақ дұға оқып ниет етпесе ораза бұзыла ма?

admin | 23/05/2019

Әссәләму ъаләйкум, дұға ету міндетті емес, сәресіне тұруыңыз, ауыз бекіту ісіне қатысты қандай да бір амал жасасаңыз, не болмаса іштей ниет етсеңіз болғаны сол жеткілікті. Ал қол жайып дұға ету сүннет (мұстахап). Сол үшін Сіздің оразаңыз бұзылған жоқ, Алла қабыл етсін!

М | 24/05/2019

Сәлеметсіз бе. Егер адам сәресінің уақытына қарамай. Сәресі уақытынан кейін сәрсі ішіп қойса ораза бұзылған болып саналама . Мысалы сіресі 2:54 жабылса , ол 3:20 тамак ішсе. Сәресінің уақытына қарамай.

admin | 24/05/2019

Таң атпаған деп ойлап, не күн батты деп ойлап, тамақ ішіп, кейін олай болмағанын анықтаса осы жағдайларда қазасын тұтады

Акнур | 23/05/2019

Сәлеметсіз бе! Менің күйеуім ораза тұтып жүр. Бірақ сәресіне сен тұрып тамақ дайындауға міндеттісің дейді. Мен келісіп жарайды деп тұрып жүрдім. БІРАҚ кей күндері ұйықтап қаламын,сол күні үйде ұрыс болады. Өйткені күйеуім аш жүреді. 😔 түнде кейде естімей қаламыз будильникті. Не істесек болады енді?

admin | 24/05/2019

Әйел үй шаруашылығымен шұғылдануы міндеті. Бірақ ұйықтап қалға болса оның не кінасы бар. Ораза ұстаушы адам бір ғана әйеліне сеніп қалмай өзі де қамдану қажет.