2. Күн батпаса да: «Күн батты-ау»,-деген оймен ауыз ашқан жағдайда.
Осы екі жағдайда, яғни таң атқаны және күннің батпағаны анықталған сәтте ауыз бекітіледі.[2]
3. Ауыз-мұрынды шайып жатып абайсызда ішке су кетсе.[3]
4. Ауыз ашқанға мәжбүрленсе.[4] Мысалы, біреу зорлықпен су ішкізсе.
5. Оразаны ниеттенуді ұмытып, алайда күні бойы ораза ұстаған жағдайда.[5] Себебі, жоғарыда айтылғандай ниеттену ораза дұрыс болудың шарттарына жатады.[6]
Осы жағдайларға сай бір күннен артық оразаның қазасын өтейтін адам қазасын келесі оразаға дейін бөліп-бөліп өтесе де болады. Алайда, неғұрлым кешіктірмей жағдайына қарай тез арада өтегені абзал.[7]
Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы