Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?
3238
Сұрақ: Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?
Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.
Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал [2].
[1] "Бақара" сүресі, 185-аят
[2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет