Tań 06:07 Kún 07:41 Besіn 12:06 Ekіntі 14:34 Aqsham 16:21 Quptan 17:55

ТАРАУИХ НАМАЗЫН ОҚУ

1024

ТАРАУИХ НАМАЗЫН ОҚУ

 

«Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»

("Сахих Бұхари").
-------------------------


Рамазан айы - құлшылық айы. Бұл айда өзге айдан қарағанда көбірек ғибадат еткен абзал. Бірақ күнделікті тіршілікпен бес уақыт намаздан бөлек өзге құлшылық түрлеріне уақыт жетпей жататыны бар. Тарауих намазының дəл Рамазан айына тəн етілуінің де мəні сонда. Тым болмағанда 20 бас намаз оқып, осылайша ораза айы қосымша құлшылықсыз өтпесін дегендік. Ендеше, тарауих намазының қадірін біліп, мейлі мешітте болсын, мейлі үйде болсын, мүмкіндігінше тастамай оқып тұрғанымыз жөн. 
Осы тұрғыда Ибн Хажар əл-Асқаланидің мына сөзінің мəні зор: 


"Шынында мүмин-мұсылманның Рамазан айында нəпсісіне қарсы екі түрлі жихады бар: Күндізгі жихады - ораза. Түнгі жихады - тарауих намазы. Кім осы екі жихадты біріктірсе (екеуін де орындаса), қисапсыз сауапқа кеңеледі".