Оразаның парыз болуы
1780 Ислам ғылымхалы
Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (311).
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Ислам бес нәрседен Ислам ғылымхалы тұрады: Алладан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Алланың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару. (312)
311 - Бақара, 2/185.
312 - Бухари, Иман, 34.