Таң 06:07 Күн 07:41 Бесін 12:06 Екінті 14:34 Ақшам 16:21 Құптан 17:55

Иғтикәфты не нәрсе бұзады?

396 Абдуссамад Махат

Иғтикәфты не нәрсе бұзады?

1. Мешіттен үзірсіз шығу. Үзірлі жағдайға дәретханаға, ихтиләф болған жағдайда шомылу үшін шығу, жұма намазына,[1] ілім қалқасына,[2] жаназаға қатысу, науқасты зиярат ету жатады. Осы айтылған мақсатта мешіттен шығу иғтикәфты бұзбайды.[3]

Жұма намазына көрші мешітке барған жағдайда иғтикәф-тағы адам барған мешітінде он рәкәғат намаздан артық уақыт болмауын қадағалауы тиіс. Яғни, жұма намаздың парызынан бұрын оқылатын төрт рәкәғат сүннәт намазын, екі рәкәғат парыз намазын және парыздан кейін оқылатын төрт рәкәғат сүннәт намазын оқығаннан кейін иғтикәф етіп жатқан мешітке қайта оралуы тиіс. Мұндай болмаған жағдайда ътикәфтің бұзылады.[4]

Сонымен қатар, өміріне қауіп төнген жағдайда мешіттен шығу, иғтикәфті жалғастыру ниетімен басқа мешітке ауысу үзірлі жағдайға жатады.[5]

2. Мешіттен үзірлі жағдаймен шыққаннан кейін, мешітке қайта оралмау.[6]

3. Әйелдердің хайз, нифас болуы.[7]

4. Ерлі-зайыптылардың қосылуы.[8]

5. Діннен шығу.[9]

6. Бірнеше күн бойы есінен тану, ақылынан айырылу.[10]

 



[1]жұма намазы басқа мешітте мысалы, көрші мешітте оқылатын жағдайда. («Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға»)

[2] яғни, бір жерде өткізілетін шариғат дәрістеріне.

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[4]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[5]Бұл да сонда.

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]Бұл да сонда.

[8]Бұл да сонда.

[9]Бұл да сонда.

[10]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».