Қаз Рус Qaz قاز
Таң 03:12 Күн 05:07 Бесін 13:16 Екінті 18:44 Ақшам 21:16 Құптан 23:11

Оразада мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттер

01/05/2019 2685 9 Абдуссамад Махат

Оразада мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттер

Оразада мына іс-әрекеттерді істеу мәкрүһ болмайды:

 

1. Шәһуеттің қозуына алып бармайтындай жағдайда сүю.[1]Мысалы, апасы немересін.

2. Мұртты майлау.[2]

3. Көзге сүрме жағу.[3]

 

4. Мис`уак пайдалану.[4] «Мис`уак» деп арнайы талдың бұтағынан жасалатын тiс тазалағыш. Ұйқыдан тұрғанда, мешiт немесе үйге кiргенде, дәрет алғанда, намаздан бұрын тісті мис`уакпен тазалау – сүннәт. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мис`уакты пайдаланудың артықшылығына қатысты бір сөзінде:«Мис`уак – ауызды тазалайды әрі Раббының разылығын нәсiп етеді»,-десе,[5] екінші бір сөзінде: «Үмметiме машақатты болатынынан қорықпасам едi, әр намаздың алдында мис`уак қолдануды бұйырар едiм»,-деген.[6]Сонымен қатар, Имам Әл-Байһақи риуаят еткен хадисте Әли ибн Ғиса (родиял-лаһу ъанһу) былай деген: «Мен Ъасымнен (родиял-лаһу ъанһу): «Ораза ұстаған адам тісін мис`уакпен тазаласа бола ма?»,-деп сұрағанымда, ол: «Иә»,-деп жауап берді.

- Тісті ылғал және кептірілген мис`уакпен тазаласа бола ма?

- Иә.

- Тісті күндіздің әуелгі және ақырғы бөлігінде мис`уакпен тазаласа бола ма?

- Иә.

- Сен мұны кімнен естідің?

- Малик ибн Әнастан (родиял-лаһу ъанһу). Ал ол Нәбиден (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) естіді».[7]

5. Ауыз, мұрынды шаю.[8]

6. Тым ыстық уақытта салқындау үшін шайыну.[9] Сонымен қатар, салқындау үшін киімді сулауға болады. Бұл Имам Юсуфтың пәтуасы.[10]

 

 

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 

 



 

[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]Бұл да сонда.

[3]Бұл да сонда.

[4]Бұл да сонда.

[5]«Муснадүл-Имами Ахмад».

[6]«Сахиху Муслим».

[7]«Тухфатүл-Ахуази».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[9]Бұл да сонда.

[10]Бұл да сонда.

Пікірлер

Артур | 04/06/2018

Ассалаумағалейкүм Егер Ораза тұтқан адам Ораза уақыты кезінде дәрет алып жатып,мұрынын шайып жатып мұрнына су кіріп кетсе Ораза бұзылама?Қазасын өтеу керек пе?

admin | 19/05/2019

Уа ъаләйкум әссәләм, иә бұзылады, бір күн қазасын өтейсіз Рамазаннан соң

Azihamova Diloram | 05/05/2019

Salamatsizba.Sizderge koyar suragim bar edi: biyil jastar jili sogan oray jastarga okimet tarapinan oz kasibin bastauina karajat beriledi eken birakta bir kiyinwiligi procsentpen, dinimizde paizdik akwa alu jainda ne aitilgan bul haram akwama? Ne paizdn molwerine de karalama? Aldin ala rahmet. Allam razi bolsin

admin | 19/05/2019

Иә, дінімізде пайызға қаржы алуға да беруге де тиым салынған. Және де оның мөлшері рөль ойнамайды. Оның аз пайызы да көп пайызы да болмайды. 

Жанна | 06/05/2019

Сәлеметсіздерме? ! Ораза уақытында ауылдың жағымсыз иісті кетіруге не қолдануға болады. Жұмысым адамдармен тікелей сөйлесу арқылы болғандықтан ыңғайсыз. Рахмет

admin | 19/05/2019

Мисуак қолдансаңыз болады. Мисуакты мешіт маңындағы дүңгіршектерден таба аласыз.

Ерназар | 07/05/2019

Сәлеметсіз бе! Менім қоятын сұрағым, ауыз ашқаннан кейін ерлі-зайыптыларға жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат па?

admin | 19/05/2019

Сәлеметсіз бе! Иә, ерлі-зайыптыларға ауыз ашқаннан кейін жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат.

Erlan | 07/05/2019

Ассалаумағалейкүм, қызуым көтеріліп тұр. Ауызымды ашып жіберу керекпа?

admin | 19/05/2019

Уағалейкум әссалам уа рахматулла! Денсаулығыңызға қатер төніп тұрса, оразаны жалғастыру мүмкін болмаса ашуға рұқсат.

Нурбол | 08/05/2019

Ауыз ашқаннан кейін темекі тартса ораза бұзыла ма?

admin | 19/05/2019

Ауыз ашқаннан кейін темекі тартса ораза бұзылмайды. Дегенмен темекі тарту дінімізде күнәлі істерден саналады. 

Ерзат | 10/05/2019

Ораза ұстаған адам намаз оқымаса оразасы қабыл болмайды ма?

admin | 19/05/2019

Ораза ұстаған адам намаз оқымаса оразасы қабыл болмайды деп айта алмаймыз. Себебі, ораза бөлек, намаз бөлек бір-бірінен тәуелсіз құлшылық саналады. Сол үшін, ораза ұстап намаз оқымаған адам Алла оразасын қабыл етсе оразаның сауабын алады, ал намаз оқымағаны үшін Алла кешірмесе оның жазасын алады. 

Айнеля | 11/05/2019

Сәлеметсізбе. Ауыз берік болған кезде, күндізгі уақытта шаш қидыруға, тырнақ алуға болады ма?

admin | 19/05/2019

Сәлеметсізбе! Ауыз берік болған кезде, күндізгі уақытта шаш қидыруға, тырнақ алуға болады.

Олжас | 15/05/2019

Ораза кезінде аузы берік адам прививка салдырса ораза бұзылама?

admin | 19/05/2019

Екпе салу (прививка) оразаны бұзбайды. Сілтеме: http://fatua.kz/kz/post/view?id=900