Таң 04:22 Күн 05:51 Бесін 12:24 Екінті 16:46 Ақшам 18:48 Құптан 20:17

РАМАЗАН ЖӘНЕ ТАРАУИХ

44 mazhab.kz

РАМАЗАН ЖӘНЕ ТАРАУИХ

Рамазанның сәні намазбен.  Мұсылман күндіз ауыз бекітіп, түнде намаз оқып өзінің рухын тәрбиелейді.  Тарауих намазында ұзақ тұрып, тәніміз шаршап-шалдықса да, жанымыз рахатқа бөленеді. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Кім де кім шын иланып, сауабын Алладан үміт етіп Рамазан намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», деген. Тарауих намазының өзінше бір керемет рахаты бар. Рамазан кештерінде жер жаханның кез келген мешітіне барсаңыз да, ағылып-төгіліп келіп жатқан халықты көресіз.  Олардың көпшілігі тарауих намазын оқымаққа ниет еткен. Күміс көмей азаншылардың айтқан азаны да берекеге толы Рамазанның сәніне сән қосады.  Құранды түгел жаттап алған қарилар көптеген мешіттерде Құран-хатым түсіреді. Екі рәкат, төрт ракат сайын айтылатын салауаттар рухымызға өзінше бір күй сыйлайды. Кей кейде үлкен түгіл жас балалардың өзі мешітке келіп, мәре-сәре болып жүреді. Мұның бәрі қасиетті Рамазанның ырыс-берекесі болса керек.

Уа, Алла Тағалам! 30 күн ораза тарауих намаздарына толық қатысып шығуды баршамызға нәсіп ет.