Қаз Рус Qaz قاز
Таң 03:12 Күн 05:07 Бесін 13:16 Екінті 18:44 Ақшам 21:16 Құптан 23:11

Оразаның пайдасы

26/05/2017 1069 0

Оразаның пайдасы

Жаратушымыздың бұйрықтарына бойұсынып, ораза тұтуды міндетім деп білген әрбір мұсылман ауызашарда және ауыз бекіткенде нендей нәрселерді ескергені жөн? Ендеше, дәрігерлердің кеңестеріне құлақ түріңіз:  

Ауызашарда асты тез және көп мөлшерде  жеу ағзаға зиян, сондықтан алдымен асықпай сорпа немесе басқа да сусындар ішіп, 15-20 минуттан соң ғана басқа тағамдарды жеуге болады. Асты ә дегеннен бастырмалата молынан жеу қан қысымын бірден түсіріп жібереді. Тамақты жегеннен кейін созылып жату өте қауіпті. Қамырдан жасалған ауыр, тәтті тағамдардың орнына  жеңіл сүтті тағамдар жеген дұрыс. Ауыз ашқан кезде шай, кофені тек тамақтан соң ғана ішкен абзал. Себебі, шай мен кофе астың құрамындағы ағзамызға пайдалы барлық дәрумендерді жойып жіберетіндіктен оларды тамақпен бірге қолдануға болмайды.

Сәресі асты міндетті түрде ішіңіз. Құрамында протеині көп сүт, айран, ірімшікті тұтыныңыз. Олар ұзақ уақыт тоқ жүруіңізге себепші, аш жүретін уақытыңызды азайтып, зат алмасу процесін баяулатады.

Жеміс-жидек пен көкөністерді көп пайдаланыңыз. Олардың қай түрі болса да денсаулығымызға тигізер пайдасы өте көп. Әсіресе, құрма күні бойы түскен қант мөлшерінің қалыпқа келуіне көмектеседі.

Сондай-ақ, ауыз бекіткенде және ауызашарда сұйықтықты молынан ішкеніңіз жөн.

 

Оразаларыңыз қабыл болсын!