Қаз Рус Qaz قاز
Таң 05:51 Күн 07:03 Бесін 13:27 Екінті 17:51 Ақшам 19:40 Құптан 20:51

Қасиетті Рамазан айы

23/05/2017 2475 0 Р. Султанов

Қасиетті Рамазан айы

Рамазан - мұсылмандардың асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, айлардың сұлтаны болған қаситті ай.

Тілдік мағыналарына келсек:

Рамазан араб тіліндегі (ر م ض) сөзінен шыққан. Яки ораза ұстаушының қатты ыстық кезіндегі ішінің құжылдауын білдіреді деген.

Тағы бір деректерде шөлдің ыстық күндеріне сәйкес келгендіктен осылай аталып кетті дейді.

Бір көзқараста, Рамазанды өртеу, жандыру мағынасымен түсіндірген.  Өйткені ол айда күнәлар жақсы амалдармен өртеледі.

Тағы бір көзқараста Рамазанды - жүректің күш-қуат алуы, әсерленуі деп түсіндірген. Өйткені ол айда жүрек, тас күннің ыстығынан жылу алғандай жүректе уағыздардан, пікір қылудан әсер алғандықтан, толқығандықтан осылай аталды. [3]

Ораза - Исламдағы негізгі рүкіндердің бірі. Сонау самауи діндерден жалғасып келе жатқан құлшылықтың түрі. Бұл оразаның адамның рухына, денесіне, денсаулығына тигізер пайдасы көп. Қасиетті Құран -Кәрімде:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آَمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ (183) أَيَّامًا مَعْدُودَاتٍ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ (184) شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِي أُنْزِلَ فِيهِ الْقُرْآَنُ هُدًى لِلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلَا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ (185

«Әй мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамаған төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екі қабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір фітір садақасын беруіне болады). Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауырлық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар". [1]

Пайғамбарымыз да өзінің хадис - шарифтерінде:

عنْ ابن عمر - رضي الله عنهما - قَال : قَال رَسُو ل الله صلى الله عليه و سَلَّم :" بني السلام على خمس : شهادة أن لا إله إلا الله و أنَّ محمدا رسول الله و إقام الصلاة و إيتاءِ الزكاةِ و الحج و صوم رمضانَ

«Ибн Омардан (Алла ол екеуіне разы болсын) келген хабарда: Алла Елшісі (ﷺ) айтты: Ислам-бес негізге құралды: Алладан басқа тәңір жоқтығына және Мұхаммед (ﷺ) оның елшісі екендігіне куәлік беруге, намаз оқуға , зекет беруге, қажылыққа баруға, рамазан айында ораза ұстауға.»

 Хадистің шархында келеді: Ислам ол хақ дін. Алла Тағала ол дінді үлкен бес бағанға құралған үй секілді қылды. Сол бес бағанның ең үлкені ортасында және қалғандары оның тіреушісі секілді. [4]

Сол бес бағанның бірі ораза ұстау, яки рамазан айында ораза ұстау.

Рамазан оразасы - Алламен байланыса отырып нәпсіні тазалау және одан қорқу, оның разышылығы үшін тақуалық қылу, сабырлықты басшылыққа алу, оған шүкір ету үшін нығметін еске алу.

إذا كان اول ليلة مِنْ رمضانَ، فتِحَتْ أبوابُ الجنان كُلِّها ، فلا يُغْلق مِنْها بابٌ في الشهر كله، وَ أمر اللهُ تَعَالى مُناديا يُنادي : يا طالب الخير أقبل، وَ يا باغي الشر أقصر، ثُمَّ يقول : هل مِنْ مُستغفرٍ فيغفر له؟ هَل مِنْ سائلٍ فيعطى سؤله؟ هَلْ من تائب فيتاب عليه؟ فَلم يزل كذلك إلى انفجار الصبح ، واللهُ كُلَّ ليلةٍ عند الفطر ألف ألف عتيق من النار ، قد استوجبوا العذاب

«Рамазан айының алғашқы түні болғанда, жаннат есіктері айқара ашылып, бұл рамазан айы бойы жалғасады. Сөйтіп Алла Тағала бір жаратқанына бұйырады нида (жар салуды) қылуды. Нида қылушы (жар салушы): Ей! Жақсылық жасаушы жаннатқа келгін , Ей! жамандық жасаушы тоқтат. Және кейін тағыда былай дейді: Алладан кешірім сұраушы бар ма? сұрасын , Алла оның күнәсін кешіреді. Алладан дүние - мүлік сұраушы бар ма ? сұрасын , Алла оған береді. Аллаға тәубе етуші бар ма? тәубе етсін , Алла оның тәубесін қабыл етеді. Осылайша бұл нәрселер таң уақытына дейін жалғасын табады. Алла Тағала мұсылмандар ауыз ашқанда тозақтаққа лайық болған мыңдаған жанды тозақ отынан құтқарады» деген екен. [6]

Ораза тұтқан адам, ешқандай адамның бақылауынсыз-ақ ішіп-жеуден тыйылып, қанша қиналса да өз-өзін ұстай алады. Қатты қиналғанда адамның көзінен таса жерге барып, қарнын қампитып алып, оразамын деп жүруіне болады, бірақ ол Алланың «барлық нәрсені білуші» деген сипатымен иман келтіргендіктен ондай іске бармайды. Сондықтан ораза тұтқан адам әрдайым Аллаһпен бірге екенін ұмытпай, кез-келген жерде Жаратушыдан сақтанады. Осылайша ол, Аллаһтан ештеңені жасыру мүмкін еместігіне иман еткендіктен, ақыреттегі халін ойлайды. Ал жүрегінде ақыретте жауап беру сезімі жоқ адамнан мұндай нәрсе алмайсыз. Бұл тек қана иман жүзді адамдарға тән. Сондықтан ораза иманның көрсеткіші.

Оразаның - адам баласын, жалпы жамағатқа берер пайдасы өте көп. Расында Алла Тағала оны алдыңғы үмметерге парыз қылды.

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آَمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

«Әй мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар.»

Кейін оны Мұхаммед үмметіне парыз қылды.

Әр бір парыз етілген құлшылық белгілі - бір амалдан ( намаз - дәрет алудан, құран оқудан сияқты ) тұрады. Сол амалдарға жараса оған сауаб беріледі. Ал ораза болса ол - амалды тәрк ету. Сондықтан оның сауабы Тәңірден сүйінші сыйлық болған сауабпен ұласады.

Алла Елшісі (ﷺ): Алла Тағала  айтты:

قال رسول الله : قال الله : كُلُّ عمل ابنِ آدم له الا الصيامَ فإنه لي و انا أجزي به. والصِّيام جُنَّةٌ فإذا كان يوم صوْم أحدكم فلا يرفث ولا يصخب فإن سابَّه أحدٌ أوْ قاتله فَليقُلْ : إنِّي صائمٌ: والذي نفْس محمد بيده لَخُلوفُ فَمِ الصَّائم أطيب عند الله مِنْ ريح المسك. للصّائم فرحتان يفرحهما: إذا أفطر بفطره و إذا لقي ربه فرح بصومه.

«Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық істері (құлшылықтары) өзіне. Ал оразаның жөні бөлек, өйткені ораза Менің разылығым үшін ұсталады, сондықтан оның қарымын (сауабын ) өзім беремін » -деген. Ораза - (иесін күнәлардан, тозақтан қорғайтын) қалқан. Кім болса да, ораза ұстаған күні жаман сөз айтпасын, әрі ешкімге дауыс көтермесін. Егер оған біреу тіл тигізсе, не болмаса онымен ұстасып, төбелеспек болса, оған: «Менің аузым берік!» - деп ескертсін. Мұхаммедтің жанын уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Ораза ұстаушының аузынан шыққан жағымсыз иіс Алла Тағаланың құзырында мисктен (хош иісті әтірден ) де жұпары болып табылады. Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанда, ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағаны  үшін қуанады » -деп айтты »- деген.

Егер мұсылман күндіз ораза тұтып, түнгі уақыттардан Құран оқыса, Қиямет күнінде оны қорғайтын және оған кешірім беруді өтінетін, тозақ отынан сақтайтын екі жақтаушысы болады. Олар ораза мен Құран. Хадисте былай риуаят етіледі: «Қиямет күнінде Алланың құлына ораза мен Құран болысады. Ораза айтады: «Тәңірім! Мен оны күндіз ішуден және жеуден тыйдым». Құран айтады: « Мен оны түнде ұйқыдан қалдырдым, сол үшін оған болысамын...» Олардың өтініштері қанағаттандырылады.

Оразаның басқа құлшылықтардан ерекшелігі - ол көзге көрінбейді. Намаз оқығанда иілесіз, сәждеге барасыз, отырып-тұрасыз, бір сөзбен айтқанда намаз оқып тұрған адамды көруге болаты. Зекет пен хаж жа дәл осындай. Ал ораза тек тұтқан адам мен Аллаға ғана мәлім

Яки ораза мубах - халал етілген амалдарды тәрк ету болса (тамақ ішу, су ішу ) ал оның алдында харам етілген амалдарды тастау қалай болмақ. Яғни біздің бірінші болып тастайтын нәрселеріміз макруһ, харам нәрселер болу керек. Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:

مَنْ لم يدَعُ قول الزور و العمل به فليس لله حاجة في أنْ يدعَ طعامه و شرابه   

Кімде - кім ораза болып жаман сөзден және оған амал етуден тиылмаса Алла оның тамақтан және судан тиылғанын қажет етпейді» [5]

Пайғамбарымыз () бір хадисінде былай дейді:

- « Ораза қалқан (күнәларға қарсы). (Қалқан арқылы дұшпанның оғынан, қылышынан қорғансаң, ораза арқылы шайтанның шабуылынан қорғануғаболады). Кімде–кім ораза кезінде жаман сөз айтпасын, өсек-аяңнан сақтансын, егер біреу оны балағаттап яки төбелеспек болса, «мен оразамын» деп айтсын».

Адамның денесіне, рухына таптырмас дәрі-дәрмек, ем-шипа болатын - бұл ораза пайғамбарымыздың өсиеті. Алла елшісі Әба Умамаға өсиет ету отырып айтты:

عَليك بالصيام فإنه لا مثل له

«Оразаны лазым тұт расында оған тең келер нәрсе жоқ» [5]

Ораза - бір берекелі рухани кезең, ұлық медресе, нәпсіні тәрбиелеу, Ол сондай бір Адамның рухына ахлағына пайдалырақ болатын азықпен азықтану. Нәпсімен күресу, шаһуатты кесу, бір жүйеге түс, кедейлерге қарайласу, нығметтің қадірін түсіну, шүкірсіздіктен ашкөздіктіктен тазару, жүректің тазалығы, ғибадаттың ләззәтімен шұғылдану, Алланың зікірімен, құранымен иғтикафпен азықтану, сабырлықпен байсалдықта өзара жәрдемдесу,

Біз үшін қасиетті Рамазан айын күнәларымыз үшін тәубеге келіп, Құдіретті Жаратушы Иемізден от азабынан құтқаруын тілеп қарсы алғанымыз әлдеқайда жақсы. Осы бір мүбәрак айға жетуді қаншама адам армандады екен десеңізші! Өкінішке орай, ажалы жеткендер тағдырдың жазуынан құтыла алмады, олар өздерінің қабірлерінде барлық амалдары тыйылып, барзақ әлемінің тұрғындарына айналды. Олар енді жақсы амалдарын арттыра да алмайды және жіберіп алған күнәлары мен қателіктері үшін тәубеге де келе алмайды. Ал біз Алла Тағаланың мейір – шапағатының арқасында бұл айға аман-есен жетіп, қателіктеріміз бен күнәлерымызға кешірім сұрауға, құлшылығымызды арттырып, Алланың рақымынан үміт етуге мүмкіндік алып отырмыз.

Әрбір мұсылман әрқашанда адамдарға жақсылық жасауға ұмтылып, өзін ренжіткендер болса, ұстамдылық танытып, кешіре білуге тырысқаны жөн. Әсіресе мұндай қасиет Рамазан айында аса қажет-ақ. Мұсылман қасиетті бұл айда кім өзіне жамандық жасаған болса, оған жақсылықпен қарымта қайтаруға тырысады.

Міне оразаны, он бір ай бойы адамның тәні мен жанына жабысқан кірдерден арылтатын үлкен сынақ деп түсінген жөн. Оразаның мәні мен маңызын түсініп тұтуды Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін!

Қымбатты мұсылман бауырлар! Рамазан айында Құран Кәрімге жүгінейік, оған барынша жақындайық рахаттанып тыңдайық, мейірлене оқиық және ондағы үкімдер мен қағидаларды әрбір ісімізде басшылыққа алып отырайық. Сылай етсек, Ақирет күнінде біздің әрбіріміздің жақтаушыларымыз болып, Құдіретті Алланың кеңшілігінен, күнәларымызды (олар аз емес) кешіреуінен, тозақ отын (азабы қатты) алыстауынан үміт ете алар едік.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қасиетті Құран-Кәрім

2. Хадистер жинағы

3. "Имам Қуртибидің" тафсирі

4. "Пайғамбарымыздың таңдаулы хадистер" кітабы

5. " Ислам әдептері" кітабы

6. "Мукашафатул Қулуб" кітабы