Қаз Рус Qaz قاز
Таң 06:56 Күн 08:28 Бесін 13:04 Екінті 15:42 Ақшам 17:29 Құптан 19:01

Мұқтаждарды тамақтандыруға асығыңыз!

26/05/2017 3632994 0 muftyat.kz

Мұқтаждарды тамақтандыруға асығыңыз!

Бүгін сіздермен өте маңызды болған амал жайлы сөз қозғамақпыз. Бұл амалды Алла елшісі ﷺ пайғамбарлығының алғашқы сәттерінен-ақ бастаған еді. Пайғамбарымыз ﷺ адамдарға деген мейірімін қараңызшы! Өзінде ешнәрсе болмаса да міскіндер мен пақырларды тамақтандыруға қатты асығатын. Міскінді тамақтандыру Алла елшісі ﷺ, оның отбасы, сахабалары үшін әдетке айналды. Мұқтаж кісі көріне қалса болды, оны құр қол қайтармайтын. Әйтеуір қолына бірнәрсе ұстатып жіберетін еді.

﴿وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا﴾

«Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді»[1]

Жақсы көре тұра дегеніміз – өзім қатты қалап тұрған, сүйікті тағамдарымнан болғанды міскінді көре қалсам соған бере салу. Бізде ауызашар кезінде тағамның түр-түрі болуы мүмкін. Соның ішінде күнделікті тұтынатыны бар және кейде ғана сүйсініп жейтін тағам да бар. Соның арасынан өзіміз қатты жақсы көретінін міскінге, пақырға, кедейге беріп жібергендерді Алла тағала жоғарыда келген аятында мақтап жатыр.

Абдулла Ибн Омардың (Алла одан разы болсын) сүйікті тағамдарының бірі سُكَّرٌ  еді. Олардың кезінде бұл тағамның бағасы қымбат болатын. Біздің кезімізде анда-санда бір жеп қалатын тағам түрі секілді. Ибн Омарға кедей біреу келе қалса ең сүйіктісін беріп жіберетін еді.

Міне, бізден тағамның барлығын апарып беруді ешкім талап етпейді. Дегенмен, тым болмаса жартысын, кемдегенде кішкене бөлігін мұқтаж жанға берсек оның жүрегіне қуаныш сыйлауымыз мүмкін.

Рамазан кезінде бала-шағаны да ізгі амалға тәрбиелеуді ұмытпайық. Мұқтаджың қажетін бала-шағаның көзінше өтесек олар өнегелі іске құштар болып өспей ме?!  Ертең олар да сауапты іске асығатын болады.

«Һәм оларға: «Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырудамыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыс та күтпейміз». «Шүбәсіз, Біз адамның түрін қашырып, қабағына кірбің түсіретін алапатты күн туғанда Раббымыздың жазасына ұшыраудан қорқамыз», – дейді. Алла оларды сол күннің кесапатынан сақтайды һәм де оларды жүздері бал-бұл жанған, шат-шадыман күйде қабылдайды», – деген ескертулері мен сүйіншілері.

Рамазанның белгілі күндерін алдын-ала бекітіп, тағайындап қояйық. Осы сауапты амалға отбасымызды да үйретейік. Ауызашардың белгілі күндерін пақырларға арнайық. Дастарханымыздан солар ауыз тисін. Себебі, Рамазан сауапқа толы ай, ұлы мүмкіндіктер айы!

Қияметтің күні мүмін адам өз садақасының саясында, көлеңкесінде тұрады. Сөзсіз садақа Раббымыздың ашуын басады.

 

Алла тағала мұқтажды тамақтандыру сынды игі амалды күн тәртібіне қойып, Жаратушымызға жақындататын ұлы мүмкіндіктен бізді құр қалдырмасын!

 

[1] «әл-Инсан» сүресі, 8-аят