Құранда Қадір түні мың айдан абзал делінген.[1] Ал мың ай сексен үш жыл төрт айға сәйкес келеді. Осы себептен Қадір түнін құлшылықпен өткізген пенде бақытты.
Сонымен қатар, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бір сөзінде: «Алла Тағала Қадір түнін тек менің үмметіме нәсіп етті. Бұдан ілгері оны еш бір үмметке нәсіп етпеген еді»,-деген.[2]
Қадір түніндеҚыдыр атаны күтеміз деудің ешқандай діни негізі жоқ. Бұл аңыз. Мұсылман Қадір түнін біреуді күтіп емес, бәлкім аятта бұйырылғандай сауап үмітімен ғибадат етіп өткізгені дұрыс Бұған қатысты Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):«Қадір түнін иман және ықыласпен ғибадат етіп өткізгеннің бұрынғы жасаған күнәлары кешіріледі»,-деген.[3]
Қадір түні Алла Тағаланың разылығы үшін жасалған әрбір халал іс құлшылықа жатады. Мысалы, Ақырет үшін пайдалы ілім іздену, намаз, Құран оқу, зікір ету т.б.
Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы